Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Біреу: жұмыс қылайын десем, тұрған жерім жаман, – дейді, біреу: маңайымдағы елім жаман – дейді. Бұлардың бәрі де бос сөз.

    Абақтыдан жайсыз орын жоқ, онда да отырып жұмыс істеуге болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет етемін деген қазақ балалары – қазақ жұмысына қолынан келгенінше қарап тұрмай кірісіп істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы. Қазақтың іс қолынан келмейтіндеріне сөз жоқ, іс қолынан келетіндері де қарап жатыр.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ағашты кесетін – балта, балтаның сабы — ағаш.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Өткен – өтті, іздегенмен – таптырмайды, қуғанмен, жеткізбейді.

    Өткенді қуғанды қойып, осы күйіңді түзеуге жөн іздеу тиіс.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қатерлі жерде қаперсіз отырдық. Өзімізге өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Біздің заманымыз – өткен заманның баласы, келер заманның атасы. Атадан қалған мирасымыздың жайы мағлұм, балаға бұл қалыпта тұрып не мирас қалдырмақпыз, оны болжауға да артық әулиелік қажет емес.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Орыстан қазақтың көріп отырған отаршылығы, омыраулығы қазақ мәдениеті орыс мәдениетінен төмен болғандықтан.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Мәдениеті жоғары халық – мәдениеті төмен халықты аз-көбіне қарамай жем қылатыны айдан анық, күндей жарық ақиқат.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Бас қосу жақсы нәрсе (жұрттан ондай жақсылықты неге қызғаналық), бірақ жақсы нәрсенің қолға түсуі жаман нәрседен гөрі қиынырақ болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жұртқа керегін білетіндер көп, істейтіндер аз. Білушілеріміз білгенімен қоймай, істеуге кіріссе екен. Білушілеріміз істеуші болса, оларды көріп, өзгелер де істер еді. Сөйтіп, көсемдер көбейсе, ерушілер де көбейер еді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Құр съезге жиылып, «анау керек, мынау керек, олай істеу керек, былай істеу тиісті» дегеннен еш нәрсе өнбейді. Халықтың ісі машинаның тетігі емес, бұрап қалса, басқа жөнге түсетін.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Мойындағы борышты білу – білім ісі, борышты төлеу — адамшылық ісі. Білім мен адамшылық екі басқа нәрсе, бірақ борышын білушілер көбейсе, төлеушілер де көбеюі ықтимал.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Баланы ұлша тәрбиелесең - ұл болмақшы. Құлша тәрбиелесең – құл болмақшы.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Балам деген жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан шықсын? Бала деп бағып оқытып, адам қылғаннан кейін жұртым деп танымаса, сонда өкпелеу жөн ғой. Аталық міндетін атқарып отырған жұрт жоқ, жұртқа борыштымын деп жүрген қазақ баласы жоқ.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс, үлкен жұмысқа көп жұмысшы керек. Алты миллион қазаққа алты ат жегіп, тарта алмады деп өкпелеу жөн бе?

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әр істің басы — қиын, басында қиналмай кетсе, онан әрі тың кетеді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ақылды айту оңай, оны алу да ауыр емес, орнына келтіру қиын кезде қымбатқа айналып кетеді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Сайлауды өз мағынасында алып қарап көрелік, бәле болып табылар ма екен? Сайлау деген – өзіңе берген ықтияр.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Сайлаудың мағынасын білетұғын жұрттар: талас демейді, сайлау – дейді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Үгітті бүтін жұртқа айтса да, бір адамға айтса да үгіт болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһарман, қайратты болса да, әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Аз болсын, көп болсын әркімнің мұраты бар. Ұлы болсын, үсақ болсын, әркімнің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң, талассыз, тартыссыз да адам болмайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Задында, тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң, оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды, көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы амалы да адамына қарай түрлі болады, неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Басшылығы дұрыс болса, әлеуметтi түзейді. Теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіш жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Отан – өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. 
    Білімді болуға — оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға — бірлік керек. 
    Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар – арттарыңнан алаш адасады, арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар.

    Қазақтың бас адамдары! Әуелі, сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ақ болсын, қызыл болсын, маған бәрібір. Мен Қазақ мүддесін көздейтін үкіметті ғана жақтаймын.