Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Бұрынғының көбі – күш-қуатты тиiстi орнына жұмсамай, бірінің көзін бірі шұқудан уақыты артылмады, істегенінің бәрі жәбір, залым болды, қалғанының бәрі зорлық-зомбылық еді. Егер тарих оқысақ, пайдасы бар істің қандай екенін біліп, соны істемекшіміз! Зарарлы істен қашпақшымыз! Бұрынғының оңды ісінен үлгі алмақшымыз!

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Адам баласы қылып жүрген іс ой-ақыл болып басталады, сөз болып сөйленеді, ия, жазылады, ақыл сөз сонан соң барып іске айналады.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Біздің әрбір ісіміздің негізі – бос, өмір – қысқа. Оқығандарымыз бар – қалтасы тесік, байларымыз бар – төбесі тесік. Екеуі бір жерге желімдесең де қосылмайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Атадан келе жатқан мұра деп үй жиып, аяқ-табақ жиып, біреу түйе, біреу ат, біреу қой, біреу қозы, бiреу лақ беріп, біреу аяқ, біреу табақ беріп, ата баласы жақсыға ас беретін қазақ рәсімі.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Жалпақ жұрттың көкірегінде жақсылық болмаса, жұрт – жұрт боп тіршілік қылып жүрмек емес.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Бірліктен айырылған — ел қаңғып қалады.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Не жұмыс қылсақ осы үш ақыл, сөз, іксана талқысынан өтпей жұмысқа айналмайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Өзін-өзі қасқырша шауып отырған жұртта оқу, шеберлік болмайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Қазақ-ау! Түзуің бірігіп жұрт үшін қам ойлайтын кез келген жоқ па?!

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Жұрт ісін түс көрмей, ояу жүріп іздену қажет.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Бізде бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, Алаштың баласы бақыт-махаббат жолына түсті!

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Өртте жүріп сабырлы болу – мақтауға сыймайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Жүйрік, қыран күшін – қиянға салса, жұрт мақсатын орнына апарса, мұнан артық не бақыт бар, бауырлар!

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Біздің кемшілігіміз – әркім тарих арқалатқан жүкті белгілі жерге апармай, соңындағыларға тастап кететіндігі.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Сіз, текті қариялар, газетке көмек беріңіздер, көрген жақсыларыңызды бәрін айтыңыздар! Өздерің жазды күні кешке таман айтатын, төбенің басында, құдықтың қасында отырып я қысты күні – ауылдастарыңның үйінде қонақта отырып айтқандарыңды, көргендеріңді – қазақтың жақсыларыменен бірге жүріп, қалайша атақты билердің билік қылғанынан, дау бітіргенінен – Жарылқап, Алшынбай, Мұса, Құнанбай һәм ғайри жақсылардың пара алып, жібек шапанға, қалтасының пайдасына қызықпағандықтарын, осы күнгі билерге, «лай судан балық ұстаймыз» деп жүрген, өсиет етіп, ғибрат беріңіздер!

    Түзу қалам – қисайған, өткір қалам – мүжілген заман.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    «Орыстың сыртын қырсаң, ішінен татар шығады, орыстың төресін қырсаң, іші жандарм шығады» дегендей, Еуропаның мәдени жұртының сыртын қырсаң, іші қаскүнем, ақсақ болып шығады-ау! Біз жұртқа Еуропа Еуропа дей беруші едік. Ұялдық-ау!

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Мәдени Еуропаң адамшылықты тастап, төрт аяқты бабасының өрісіне қаптап жөнелді.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Мәдениет өмірі — құдірет әмірі. Түйені жетелей білсең, жүк аумай Алтай, Тарбағатай, Алатау, Шыңғыс асасың. ғылым – аспанда жарқыраған жай отын қолдан істеп алып, телеграммаға хабаршы, теміржолға, трамвайға ат. Марты кезден жуан зеңбірекке мерген қылып отыр. Әр нәрсені амалын біліп, өз орнына жұмсаса, іс көркейеді. Мал бағуға жұрт шебер болған соң, осы малды қазақ айналдырғаны жөн.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Біздің қазақ жаңа жылы мартта болғаны адасқаны емес. Жаңа жыл мартта болса, күн мен түн тең болғанынан бастау керек. Ескі стильде бұл күн 9-ыншы март болады.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Надан жұрт – алдыңғы мәдени жұрттың киіп тастаған ескісін кимек.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Еуропа «мәденимін-мәденимін» деп мақтанғанымен, мәденилігі ұсталықта ғана, мінезі хайуандық сипатынан қайтқан жоқ.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Қазақ халқының өз алдына өлеңдері бар. Кім білмейді: қазақтың ақындары Шортанбайды, Шөжені, Орынбайды, Найман баланы, Шерниязды, Құнанбайды һәм хайриларын. Қазақтарға осы ақындардың қайсысының сөзі күшті екенін білдіруге жөні бар ма!? Шерниязды ойласақ, қызыл тілінің арқасыменен жаны қалған.

    Шөже «Қарымбай» секілді сараң кісіден сый алған. Сол ақындар өздерінің өнерін бай қазақтың алдына шығарған, соларды мейлінше мақтап бір жақсы адам қылып, сол байлар айтқандай болмаса да, осы күнгі жас ақындар да алдыңғы ақындардың қылғанын қылып – осы уайым емес пе!?

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Роман адамзаттың өмірін, дәуірін бұлжытпай көрсетуші баға жетпес айна. Роман суреттеп көрсетеді: я бір адамның, я бір нәсілдес, бір тілдес халықтың өмірін, яки, бір қалыптағы заманның қатардағы жәмәғитын, я қилы-қилы замандарда болып өткен халықтардың өмір халін...

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Би әділ болмай, жұрт ісі ілгері баспайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Закон - адам пайдасына жазылады, адам закон үшін тумайды ғой.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Біздің қырға бір жөні жоқ әдет неше заманғы рәсімдер жүреді. Біреуді күшті кісі я, күшті тұқым деп адал-арам болса да жалпылдатып жүреді. Біздің заманның законымыз, ұлығымыз жоқтай, мақұлықпенен қаңғырып жүргендей күшті тұқымдар нашар тұқымдарды ренжітеді.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Бар күшті ұлт әскерін жасауға салыңдар, Россияны тiрiлтетін тіреу – бар жұртының әскері, Алаш - Россиядағы одақтас мемлекеттердің бірі, сондықтан тіреудің бір ұшы – Алаш әскері. Алаш полкын, не керегін тауып беріп, таратпаңдар. Керек нәрсені қаншаға болсын қарыздануға қорғанбаңдар. Жеткілікті қару алыңдар.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Алаш қаласына қазақ басшылары жиналып, Алашордасын көтеріп қызметке кірісе бастады. Алашорданың қазіргі мақсаты – қазақты жұрт қылып, автономия алу. Осы жолда Алашорда милициясын жасап, қазынасын толықтыруға кірісіп жатыр.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Менің ойымша, қазір бар күшті жұмсап қауырт кірісетін екі нәрсе деп білемін. Бірі милиция – әскер жасау, екіншісі – оқу жағы. Әрине, басқалары да өз ағынымен істеле жатар, олар тоқталсын демеймін.

    Бірақ, бұл екеуі өзгелеріне негіз, бірі кейін қала тұруға болмайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Асыққанда істейтін ісіміздің ең алды — милиция жасау. Милиция жасау жолына: білгендер – білімін, малдылары – малын, азаматтар – жанын аяп қалмасқа керек. Біз өз тізгінімізді өзіміз алып, өз ұлтшылдығын өзі сақтайтын жұрт болу үміті үстінде тұрмыз! Сол мақсатымызға жетуімізге де, жеткеннен кейін бекуімізге де милиция керек.