Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шенеунік ісін қылмаңыз – әділет жолын таңдаңыз. Құр білген керек емес — білгенді іс қылған керек.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Байлықты өнермен, шаруамен, қызметпен іздемей, жұртты тонап, момынды жылатып іздеген мырзалар, қыстыкүні үңгірде жатып, өз аяғын сорған аю мысалында ғой, қанша қомағайланса да, сорғаны – өз аяғы.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Біздің қазаққа қазіргі кезде баласын оқытатын мектеп, жерін гүлдететін су, елге қызмет қылатын Боргенсен мен Миллер сықылды жігіт, май алатын, жүн жуатын, тері илейтін, ет сататын, мал өсіретін, егін салатын кәператип керек.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Бейнет ете беріңіздер, ағайындар, табан ет, маңдай теріменән қылғандарың арамнан дәурен сүргеннен жақсы! Кұдайға сеніңдер – Құдай деген қор қалмас!

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Кыр халқы – бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей мал шаруасыменен күнелтіп жүрді.

    Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Қазақ халқының бір жақсы мұрасы «жылу»... Осы күнде өзгеріп кетті, қазақ халқының не əдеті өзгермеді! Қазақ халқының бір көңілді көтеретін әдеті — қонақ күтуі де жылдан жылға бұрынғыдай болмай барады. Бұрын қонақтарды таңдамай қондырады екен, тек жолаушыменен болса. Осы күнде қонақтарды таңдап сыйлайды. Жақсыларды, күміс ер-тоқымдыларды, бөлек атшы алып жүргендерді ғана қондырады. Қондырған уақытта көп арамдық-қулық, алдаушылықтар бар – бұрынғы уақытта болмаған. Бү күнде қонақ – байды алдап, бай – қонағын алдайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Келешекте жұрт қамын ойлайтын ата баласы жақсылар болса, осы бастан Петерборға барып, министр һәм Думаға толық дәлел көрсетіп, Бөкейлік қазақтарының земство жарығынан тысқары қалмауын сұрау керек.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Жылқы – бозды, қой – қара отты, сиыр – өлеңді, түйе — көкпекті жайлайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Бұл тіршілік үлкен талас, бір бәйге: жүйрік алады, шабан қалады. Жүйріктік ақыл, ұсталық – жаһитшілікте. Еріншек-езге – жол, бәйге, сыбаға, мүше жоқ.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Байлық түбі ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай, адам баласы қазынаға жарымайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Көбің әлі жассыңдар. Біздің ақылымыз: мүндағы маржаларға (жезөкшелер жолай көрмеңдер. Мұнан құтылудың бір шарасы: шаршағанша жұмыс қылу. Өздеріңді өздерің билей алмасаңдар, ауру жұқтырып, бірінші өздерің қор боласыңдар, екінші – елге, үйлеріңе алып қайтасыңдар. Білесіңдер, біздің елде докторлар кем, ауруды жайып, елдің елдігін кетіресіңдер. Мұны ойлаңдар. Халқымыздың гүлі, үміті сендерсіңдер.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Земство жоқтықтың бір кемшілігі тағы көзге анық көрінді. Тәмам қазақта метірке жоқ. Адам жасы спискеде шатақ. Бұл жұртқа аян.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Зауыд ісі мәдениет дәрежесіне байлаулы. Біздің қазақ анық білетін саудаға келелік. Сауда өнері де мәдениет дәрежесіне құл. Мәдениеті кем жұртта саудалық – алдау, ұрлықтан қылдай жіңішке болып айрылады.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Земски ақша салығын қайда ұстау жұрттың өз қолында. Біздің қазақ бұл сияқты жақсылықтан тысқары. Қазақ жүрген облыстардан Гос. Думада депутат жоқ. Қазақ облысы земски сметаны қарағанда Гос. Дума көзі байлаулы, қайда жетелесе, сонда кетеді. Осы соқырлықты Гос. Дума мойнына алып, қазақ облысы сметасын қараған сайын, бұл облыстарда земство болу керек дейді.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Кассаның ақшасы — халық ақшасы. Кассаның ұстауы бойынша, бұл ақша беріледі кедейге екі тамаққа – ашаршылықта һәм ғайри қазақтарға жұттан һәм дерттен шаруасы күйзелсе. Бұл ақшаны бөтен жаққа ұстаған күнә. «Халыққа пайда қылам» деп халықты тонауға қол қойған құдыққа түкірмеңіз, мырзалар! Дәм атар!

    Халықты тонамаңыз.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Қазақ жұрт қызметшілерін түзетпесең, жұрт болып шаруға айналып жарыспасаң, мұжыққа жер закон арқылы емес, тіршілік жарысы арқылы кетеді. Оралдағы башқұрт ағанша жерді мұжыққа тиын- сиынға қызығып жалдап қойып, ақыр-соңында сол мұжықтың сиырын бағасың!

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Жалғызбын, азбын демей, бізден бұрында өтіп кеткен, біз не қыламыз демей, аспай-саспай, тасымай іс қылса, адам баласының қолынан келмейтін іс болмайды. «Тамшы – тас теседі».

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Тіршілік ғұмыр белгісі – алыс-тартыс, арбас, әдіс.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Қазақ рәсіміне салса: жылқы ұрлығы зор айып емес. Жылқы ұрлығы аз айып болса, мұның артынан шудай шүбалып өзге мал ұрлығы шығады.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Шілікті – мал кіндігі. Бұл жерде Еуропаның Әлпі деген тауындағы Швейцария жұрты болса, мал шаруасын іс қылып, сиыр сауып, ірімшік қайнатып, жүні жақсы шүға болатын қой бағып дүрілдетер еді.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Мал бағып, малының артынан еріп көшкен қазақ сияқты халық: байлық, қазына — мал кіндігінде деп біледі. Қазынаға құт беретін адам ақылы, адам қолы, адам жиһаты екенін білмейді, біздің қазаққа – өз аяғынан өсіп-өнген малды айдап жүрген елге: адам ақылы, адам ұсталығы, адам жиһаты көрінбейді.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Кім шебер болса, жалықпай талмай ізденсе, бірігіп — тізе қосып әдіс қылса – ғұмыр бәйгесі сонiкi. Қазақ тып-тыныш жатып, еріншек, еш нәрсе қылмайды деп ойламаңдар! Олар қайратты, жұмыстың бәріне жарайды. Бірақ оларды қозғау керек.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай адам баласы қазынаға жарымайды.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Қазақ – баладай аңғал, сүттен ақ, судан таза, бүлінбеген халық.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Талас дүние — ғұмыр сипаты, талас-тартыс жоқ болса, ғұмыр абақты болар еді.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Адам баласы өзге хайуаннан айырылғанда – бұлардан ақылды болып, қолы шебер болып айырылады.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Біз ақылсыз жаман жұрт емеспіз, ақ пен қараны салыстырса, ақ та, қара да, түзу де, қисық та жақсы таза көрінеді.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Озғандарға жету керек, жеткендерімізден озу керек. Дүниенің төріне тырмысқандар, төрден орын алып жатыр. Тырмыспағандар есікте қалып жатыр: есікте қалмай, төрге тырмысалық. Басқалар төрге қалай бара жатқанына қарап, біз де солардың істегенін істейік.

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Жұрт үшін қиядағы қиынды алған, жұртқа қызметі май болған Халамидің ғұмыры бақытты жігіт ғұмыры ғой! Жүйрік, қыран күшін қиянға салса, жұрт мақсатын орнына апарса, мұнан артық не бақыт бар, бауырлар!

  • Әлихан Бөкейхан

    Әлихан Бөкейхан

    Айыр сөзде айып жоқ. Ақылға саңырау да айып.