Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Мұхаметжан Тынышбай

    Мұхаметжан Тынышбай

    Қазақ халқының әрбір руынын генеалогиясын алдын-ала зерттемей, сондай-ақ, оның қай кезде кіммен қақтығысқанын анықтап алмай, қазақ халқының тарихи тағдырының жалпы бітімін елестету мүмкін емес.

  • Мұхаметжан Тынышбай

    Мұхаметжан Тынышбай

    Авторлар қырғыздар туралы әр түрлі деректерден «қазақ» деген сөзді ғана іздестіріп, олар әр қилы кезеңде әр түрлі түркі-моңғол тайпалары қосылған негізгі тайпа деп есептеді, солай дей отыра оның ешқайсысы да қазіргі кезеңде бұрыңғы қазақтардың ұрпақтары қай қырғыз рулары болатынын анықтау мәселесімен айналысқан жоқ.

  • Мұхаметжан Тынышбай

    Мұхаметжан Тынышбай

    Жер мәселесі қазақтар үшін сөз жоқ ең маңызды: бұдан әрі жерді тартып алып, олардың мүдделерін аяқасты қылатын болса, тыныштық болады деп кепілдiк беру қиын. Үнсіз дүрсіл күннен-күнге күшейіп келеді және кей жерлерде қазірдің өзінде-ақ ашық толқуларға ауысуда. Міне, бүкіл қазақ халқын тұтастай правосыз дала пролетариаты күйіне жеткізген үкімет саясатының жалпы және қысқаша сипаты осы!

  • Мұхаметжан Тынышбай

    Мұхаметжан Тынышбай

    Үкімет тарапынан қазақтар: қуғын-сүргінді, өз дінін пайдалану еркіндігіне жасалып отырған қысымды, саяси құқыларының аяқ асты етілуін көріп қана отырған жоқ, олар сонымен бірге экономикалық салада да үлкен зұлымдықтарды бастан кешіп отыр.

  • Мұхаметжан Тынышбай

    Мұхаметжан Тынышбай

    Қазақ даласы әкімшілік және сот жағынан алғанда жүз ойланып, мың толғансаң да қиял жетпейтін алақұлалық пен ақымақтыққа толы екенін көреміз. Бір тілде сөйлейтін, біртұтас әдет-ғұрпы мен тарихы бар, бір дінге сенетін тұтастай халықты басқарудың осындай өмірге икемсіз, қолайсыз жүйесін жүзеге асыруда өкіметтің неге сүйенгендігі бізге тіпті де түсініксіз және де өкіметтің өзі де ешқандай дәлел айта алмас деп ойлаймын.

  • Мұхаметжан Тынышбай

    Мұхаметжан Тынышбай

    Түркістандағы орыс тұрғындарының 90 пайызы Жетісу жеріндегі толқулардың себебін көп ойланып жатпай-ақ түркі және герман үгіттеуінен көруі дұрыс емес, шындығында оның себептері қырғыз, қазақтарды ата қонысынан, жерінен айырған – отарлау саясаты мен патша жендеттерінің жасаған түрлі зорлықтары және де үлкен көтерілістерді ұыймдастырар үгітшісінің жоқтығы еді.

  • Мұхаметжан Тынышбай

    Мұхаметжан Тынышбай

    Үкіметтің нені көздегені белгілі: біріншіден, жабайы да тағылық репрессия жүргізу және тіл, салт-сана, дін Һәм руханият атаулыны орыстандырмақ, екіншіден, түрлі әкімшілік шаралармен, әкімдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек, үшіншіден, оларды қаны сіңген, сүйегі көмілген, өз жерінен айырып, шөлшөлейт жерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің орнына, орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына жалғанды.

  • Мұхаметжан Тынышбай

    Мұхаметжан Тынышбай

    Қазақтар орыстың қол астына кіргеннен бері бір де бір шуақты жарқын күн, бақытты сәт болған емес! Coдан бері ешкім де, шын мәнінде ешбір адам қазақтар үшін сәл де болсын игілікті іс, немесе сол игі іске ұқсас бірдеңе істеу туралы ойлаған да жоқ.

  • Мұхаметжан Тынышбай

    Мұхаметжан Тынышбай

    Қазақтар орыстың қол астына кірген кезде: ешқашан да орыс халқының әулеті ішінде аналық қамқорлыққа және Ресей тарапынан жылы лебізге титтей де қүқы жоқ өгей бала секілді боламыз – деп ойлаған жоқ.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Семья ер адамға бағыну керек. Ал, ер адам – семья басы үй ішін асырап, жетілдіруге рухани, материалдық жағынан қамтамасыз етуге міндетті.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Тіршілік таласы деген сөз сондай бір талас: жеңілгенге рақым жоқ, жеңілгеннің күні — қараң. Адам балаларының арасындағы тіршілік таласы мен хайуандар арасындағы таластың қаттылық, рақымсыздық жағынан айырмалары жоқ. Бір айырмасы сол: хайуандар тіс- тырнағын жұмсағанда, адам балалары бір-бірінен көбірек ақыл қаруын жұмсайды.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Шындық – дұшпандарды дос ететін күш, достардың достығын арттыратын құрал. Шындық сөзін ықыласпен тыңдата алған – би, үкімін тегіс жүргізе алған - патша бақытты болмақ.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Түптеп келгенде шындықты жақсы көрмейтін адам жоқ. Өйткені, шындықты жақсы көруге барлық адам борышты. Олар сол борыштарын өтуге тиіс.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Адамшылық көзқарасты қысқаша қорытсақ, ішу, жеу үшін емес, мағыналы өмір сүру үшін ішіп жеу керек. Осыдан барып бақыт деген жақсы, мағыналы өмір мұраты туады. Сайып келгенде, бұл екі көзқарас арасында айырма бар.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Талас-тартыс – дүние заңдылығы. Күштінің күштілігі де заңдылық. Осыған қарап адамдар күштілер ғана өмір сүреді деп ойлауы мүмкін. Шындығында, нағыз күштілік шындық пен әділдікте екенін ұмытпауы керек.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Адам жеке басының әрекетімен ғана көздеген мақсатына жете алмайды. Адам өмірінің мәні – қауымдастық. Демек, өзгелермен қарым-қатынас, жәрдем, көмектесу арқылы ғана мақсаттарын орындай алмақ.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Рухани жағынан бірін-бірі қолдап отыру – адамның ең жақсы қасиеті. Адам абыройының артуы, сөзінің өтімді болуы оның істеген жақсылық істеріне байланысты. Жақсылық адамдардың өз қолында дейтініміз осыдан.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Жақсылық екі түрлі болады. Бірі – рухани, бірі – материалдық.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Пайғамбарымыз (ғ.с) заманасында ислам мәдениетінің негізгі жаңа басталып келе жатқан уақыт болған үшін, мектеп, медресе, кітап құралдары деген нәрсе болмаған, жазу, сызу да мұнда аз болған. Сол күндері де құрбандықты шалып, пақырға егін таратудан басқа тиісті орын табылмаған. Осы күнде пайғамбарымыз тіріліп, қайтадан арамызға келіп халымызды көрсе, ең әуелі бастап өз құрбандығын сатып біздің ғылымды-өнерлі болуымыз, басқа елдерге қатарласуымыз жолына жұмсар еді.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Шөлдеген адам су сұраса: «Алладан әмірсіз ешнәрсе болмайды» — деп сусын бермеу жөнге сияр ма? Адамзат баласы бойындағы ең қажетті сезім – ар-ұждан. Арұжданның негізгі мақсаты – ақтық пен нақақты анық айыру, бір нәрсені өтірік мақтамау, не оны жалған жамандамау.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Бір бай үлкен мешіт салдырғаннан гөрі бір ұлттық мектеп салдырып, соған сабақ беретін мұғалімдер даярласа, қажетті кітаптар алса газет, журналдар шығарып арзан бағамен сатса, арық сиырдың мүйізін әшекейлеуден гөрі, оны жемдеп күйлендірген іспетті пайдалы іс болар еді.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Русия мұсылмандарының байлары қаражаттарын көрінген жерге мешіт, медрессе салуға жұмсайды. Бұл мәселе, сырттай қарағанда ұлттың өсуі-оянуы сияқты көрінгенімен, шындығында, даму белгісі емес. Мешіт, медресселерден оқып шыққандар ұзаса молда, ишан болады, олардан үлкен ғұлама білімдар адамдар шыға қоймайды.

    Сондықтан олардың ұлт келешегіне де пайдасы шамалы. Ал он жыл орыс мектебінде оқыса өмірге бейімделіп, көздері ашылар еді.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Қайталап айтамын, ақиқат дін – еш адамның желепжебеуіне мұқтаж емес, ал діннің өзі адамдарды дұрыс сақтай алады, дұрыс жолға бағыштайтыны дәлелденген шындық. Құранда осылай айтылған.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Біздің халқымыз ақиқат дінді ұстаса, біз надан, жалқау боп қараңғылықта қалмаған болар едік, ұрлық, қиянат, арақ ішу, карта ойнау сияқты халықты бұзатын қылықтардан ада болар едік. Демек шын дінді тұтсақ, әлем алдында масқара болмаймыз.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Дін – адамдарға мүдурар емес, адам – дінге мұқтаж, адамдарды дін ғана дүниеге мәлім етеді.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Жақсы болсын, жаман болсын әркімнің өз діні болады. Мәселен бір кісі дұрыс сөйлеуді өзіне әдет қылған, дүниедегі барлық нәрселерді өз қалпында көрсете білген. Бұл кісі осы қасиет-мінезді өзіне дін етіп тұтқан. Бұл сенімі оны жалған айтудан тиып, әр нәрседен сақтайды.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Бір тәңірден басқа бар нәрсе өліп, өзгеріп тұрмақ та. Сол себептен адамзаттың және оның түйсік-сезімі де ылғи да бір халден екінші халге өзгеріп тұрады. Адамзат ойындағы кейбір нәрселер дұрыс, пайдалы деп есептелсе, енді бір кезде олар пайдасыз саналады.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Тіл ешбір уақытта өзге нәрселерге бас имеске тиіс. Біз оны бегірек те сүюге һәм түрлі жұқпалы шет тілдерден сақтауға борыштымыз. Тіл айна, оның ішіне бүтін халықтың тұрмысы түсіп тұрады.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз.

  • Ғұмар Қарашұлы

    Ғұмар Қарашұлы

    Жалпы өнер білімнің ішіне ана тілі болуы да кіреді һәм мұның керісінше ана тілі болудан ұлттың білім өнері табылады. Ана тілін білмей тұрып, ешбір білім өнерді таратуға мүмкін емес.