Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Халық – мұғалімдер үшін халық болып отырған жоқ, мұғалімдер – халық үшін мұғалім болып отыр.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жұртқа тәртіпті мектеп керек. Мектепке сайлы мұғалімдер керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектептерде үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда хат білмеген адамның күйі – тіл я құлағы, я қолы жоқ адамның күйімен бірдей.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Орысша оқу – орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адам баласын: көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген – ғылым. Дүнияның бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған – ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген – ғылым.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Оқусыз халық — қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Мінез – іштен туады, бірақ шынығып жетпей тұрғанда мінез түрін тәрбиемен өзгертуге болады. Адамға тәрбие беруге әуелі: ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, тұрмысындағы төндірек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жазу-сызу жоқ жұртта - көсем жұртты шығармалар болмайды. Себебі, жазу-сызу жоқ жұртта өнер-ғылым болмайды. Ғылым дегеніміз – дүниені, яғни табиғатты дұрыс тану, ғылым жоқ болса, дүниені тану дұрыс болмайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі де түзелмейді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Халықтың түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуін, бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры — жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі на өлі болу мәселесі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Біреудің иемденіп отырған жерін аламын деп шығарған дау – біреудің малын, мүлкін аламын деп дау шығарғанмен бір есеп.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақ жері қазақтан кетпес еді, қазақ жері қазақтан кетпесіне іс қылсаңдар. Жерін алдыруға болмаса, алдырмасқа іс қылған қазақ жоқ.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жерді жалдауға тартынбағандар, сатудан да тартынбайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақтың әлі күнге жерден қол үзбей отырғаны – жер қазыналық болғандықтан, әйтпесе, бүгін тойғанына мәз болып, ертеңгісін ұмытқан қазақ бүгін — жерін сатып тойып, ертең - тентіреп кетер еді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Өзімді қазақ тілі турасындағы еңбекке икемдірек және пайдалырақпын деп ойлаймын. Бұл саладағы менің қызметiм партиялық жиналыстардағы отырыстармен салыстырғанда анағұрлым нәтижелірек болатындығына еш шүбәм жоқ.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақтар үшін де, жалпы алғанда қараңғы қалың бұқара үшін де коммунизм идеясы, Гейненің сөзімен айтқанда, «шақырылмаған бөтен қонақ».

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазаққа қатысты барлық қиындық кешегі қазақтардың өзін езушілерге сенім білдіре алмайтынында, ал кеңес үкіметі тиісінше, кешегі қарсыластарына әлі де сенім білдіре алмай отыр.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Мәселе мынада: қазақтар арасында халқы толық сенетін және жаза басып жаңылысса да, жеке басының игіліктері мен пайдасын көздеп, өз халқын ешқашанда саналы түрде сатып кетпейтін зиялылардың белгілі бір тобы бар. Қазақтардың сеніміне ие болғысы келетін орыс пролетариаты үшін ең төте жол – осы зиялылар арқылы өтеді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ұлттық езгі – ұлттық сезім туғызбай тұра алмайды. Езілген ұлттың бойында езушілерге қарсы жиіреніш және өшпенділік сезімі үнемі дами бермесе де, сенбеушілік сезімнен басқа сезім ояна қоймайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына үлес қосу қазақ баласына міндет.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жадымызда болсын, аз нәрсе көпке сеп болады. Сәл демеу зорға сүйеу болады. Ұлы іс – ұсақтан ұлғаяды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ұлтына қызмет етуге ниет болса, жұмыс табылады. Көп жұмыстың ауыры да, жеңілі де болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Орыстың мақалы айтқандай «ұжмаққа барғым келсе де күнәләрім жібермейді» деп, қазақ үстіне ұжмақты бір күнде-ақ орнатқым келеді, бірақ қолымнан келмейді.