Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақ елінде рушылық дәуірі жоқ, бірақ қалған жұрнақтары бар. Ол қалған жұрнақтары қоғамның бәріне пайдалы емес, қоғам ішіндегі байлар, оның атқамінерлерінің пайдасына жұмсалады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Бұрын да қазақ байғұс оңған халық емес едік, енді жұтқа ұрынып, жұқанағың қалғанда оңай оңала қоймассың. Бір күн ашыққанның ақылы — қырық күнге дейін орнына түспейтін болса, күнде ашығып отырған сен бейбақта не ақыл қалсын!

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Шабыттанып істемеген – іс оңды да болмайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Өз еркім – өзімде, өз ісіме — өзім қожа, өзім — себеппін деп жүрген адам, тұрмыс ісінің орауынан, шырмауынан әрі аса алмайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Табиғат – тас жүрек, қанша өтініп жалынсаң да, жағынсаң да, өзінің заңынан бұрылмайды. Табиғаттың заңы қатты, үкімі рахымсыз...

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Өмір жолы мұратқа тура жүргізбейді. Тура жүргізбесе, көңілге реніш, шер пайда болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әркімнің өмір жүзінде көздеген мұраты болады, яғни, сол мұрат көрген нәрсесінің жолында болады. Мұратына жетсе – бақытты болады. Мұратына жетіп, бақытты болған шақта да бақыт ұзақ тұрмайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Тұрмысқа сарын жасайтын – адамның амалы, амалға өң беретін – адамның мінезі, мінезге кейіп беретін тұрмыс төңірегі. Адамның мінезі – ойының түрінен, көңілінің күйінен, істеген ісінен көрінеді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Биік мақсат, зор үміт, ұлы пікірі жоқ өмір – хайуан өміріне ұқсас, бірақ ұсақ істердің ішінде, ұсақсынып байқамай өтсең, опық жегізіп, өкіндіретіндері де көп болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адам қателескен бір ғана ісінен өмірлік тұрмысын ауырлатып алуы мүмкін. Бір дұрыс істеген ісінен – жөнін түзеп, тұрмысын жеңілдетіп алуы ықтимал. Ұсақ уақиғадан ұлы уақиға тууы ытимал болғандықтан, ұсақ істің бәрін ұсақсыну керек емес. Ол ұсақ іс, бәлки, зор шарапатқа, иə зор кесепатқа кілт болатын ұсақ істің бірі шығар.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адамға өз бойындағы үйреншікті міні – мін болып көрінбей, өз үйіндегі кемшіліктер кемшілік болып көрінбейді. Жұртқа да солай: салтындағы, қалпындағы, ғұрыптағы жаман әдет жамандық болып көрінбейді. Бойдағы мін – бойында міні жоқ біреуді көргенде байқалады, үйдегі кемшілік – кемшілігі жоқ үйді көргеннен кейін көзге түседі. Жұрттағы жаман әдет – басқа жұрттың жақсы әдетін көргеннен кейін білінеді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адамның санасы фотография (сүгірет машинасы) емес, нәрсенің тұрпатын ғана түсіріп қоятын. Нәрсенің саңылауы келіп адамның санасына келіп түскенде, адамның ойын да, көңілін де бірдей оятады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жайдағы қайғыдан, қуаныш үстінде көрген қайғы – жанға көбірек батады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Тарихшылардың мақсаты – уақиғаның уақытын ғана көрсету, яки, не түрде болған тысқы сиқын ғана көрсету емес, ол уақиғаның болуына нендей нәрселер себеп болғанын көрсетіп, ішкі мәнісімен де таныстыру.

    Түсіне қарап, ішінен түңілме! 

    Күшiне қарап, ісінен түңілме.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Тарихшылар халық басынан кешкен түрлі уақиғалардың мағлұматын сымға тартқандай сынға салып, мінсіз етіп, дұрыстап өткізеді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Шежіре, заманхат, өмірбаян, мінездеме – бәрі де тарихтың жемі есебіндегі нәрселер.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Сөздің ең ұлысы – тарих.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Халыққа газетаның осындай пайдалы қызметтері бар екендігін білген жұрттар – газетаны киетін киімі, ішетін тамағы, үстіндегі үйінен соңғы керек нәрсеге санайды. Газетаның пайдасын білімді, өнерлі халықтар көбірек біледі. Сондықтан неғұрлым білімді, өнерлі халық болса, соғұрлым газета, журналдары көп.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Кұл болған халықтан туып, құлдықтың қорлықзорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын – жеңілдету, ауруын – азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақта газета, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газета, журналы шығып, кітаптары басылып, жылдан-жылға лгері басып келе жатқанда, қазақ тілі жоғалмас.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінезден туады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі – шын көңілден шын толғау болып шықпағандықтан.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Айтыс — өлеңді сөз болған соң, оған ақындық керек. Ақындықтың үстіне әдіс керек. Күрескенде күшке әдіс серік болуы сияқты, айтысқанда ақындыққа да әдіс серік болады. Әдісі жоқ әйдік ақынды әдісті анау-мынау ақын жеңіп кетуі мүмкін.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Елде жоқ рух — ақын сөзіне қайдан келсін?!

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қалам қайраткерлері – жолын тастап, көрінген жолаушыға ере беретін бұралқы ит емес. Бауырмал болып қалған қазақ қалам қайраткерлері, иә, бояумен түсін өзгертіп, иә, түләнмен түгін өзгертіп бейбауырмал болмаса, нақ ішін өзгертіп бейбауырмал бола алмайды.