Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Сайлаудың мағынасын білетұғын жұрттар: талас демейді, сайлау – дейді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Үгітті бүтін жұртқа айтса да, бір адамға айтса да үгіт болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһарман, қайратты болса да, әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Аз болсын, көп болсын әркімнің мұраты бар. Ұлы болсын, үсақ болсын, әркімнің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң, талассыз, тартыссыз да адам болмайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Задында, тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң, оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды, көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолындағы амалы да адамына қарай түрлі болады, неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Басшылығы дұрыс болса, әлеуметтi түзейді. Теріс басшылық қылса, әлеуметті адастырады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Балшық жаман болса, кірпіші жақсы болмайды, кірпіш жақсы болмаса, үй жақсы болып шықпайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адамға ең қымбат нәрсе – жұрт қамы, жұрт ісі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Отан – өткенімізді танып, бағалай білу, ең әуелі, өзімізді қадірлей білу.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Басқадан кем болмас үшін білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. 
    Білімді болуға — оқу керек. Бай болуға – кәсіп керек. Күшті болуға — бірлік керек. 
    Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар – арттарыңнан алаш адасады, арттарыңнан ергендердің обал-сауабына сіздер қаласыздар.

    Қазақтың бас адамдары! Әуелі, сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ақ болсын, қызыл болсын, маған бәрібір. Мен Қазақ мүддесін көздейтін үкіметті ғана жақтаймын.