Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақ я құрып жоқ болар, я өз тілімен де өзгелердей тіршілік етер. 20-шы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс – қазаққа тиісті.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақта жазу-сызу болмаған соң, жалғыз-ақ табиғаттың законына ерген, сондықтан тілі азбаған. Өзгелер табиғатты зорлап, емлеге таңып, тілін аздырған.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Асыл тіл, түзу емле қазақта – боларға тиіс. Неге десек: ата кәсібін тастамай істеп келе жатқан — қазақ. Басқа жұртқа араласпай, өз алдына оңаша, оқшау жүрген — қазақ. Жат жазудың ыңғайына қарап, тілін бұзбаған, арасына жат жазу жайылмаған түрік баласы – қазақ.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры, жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниядағы адамдар тілінен айырылып, сөйлеуден қалса, қандай қиындық күйге түсер еді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Біз сияқты мәдениет жемісіне жаңа аузы тиген жұрт: өз тілінде жоқ деп мәдени жұрттардың тіліндегі даяр сөздерді алғыштап, ана тілі мен жат тілдің сөздерін араластыра-араластыра ақыры ана тілінің қайда кеткенін білмей, айырылып қалуы ықтимал.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Тіл тазалығы дегеніміз – ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарламау. Басқа тілден сөз тұтыну қажет болса, жұртқа сіңісіп, құлақтарына үйір болған, мағынасы халыққа түсінікті сөздерді алу.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әріпке бола тілді бұзбайды, тілге бола әріпті бүзып өзгертеді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы — еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Тілі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Мектептің міндеті – берген баланы ата-анасының үміті мен мемлекеттің мақсатындағы көздеген түрде адам қылып шығару. Бұл міндетін дұрыстап атқару үшін көздеген мақсатқа керек істерді дұрыстап істеу тиіс.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Тіршілік – тірлік шарасы. Тірлік шарасына үйрететін білім тірі білім болуы керек. Ондай білімді адам мәніс білімі мен әдіс білімін қатар үйренгенде білмек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Халық – мұғалімдер үшін халық болып отырған жоқ, мұғалімдер – халық үшін мұғалім болып отыр.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Білім – бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не істесе де келістіріп істейді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жұртқа тәртіпті мектеп керек. Мектепке сайлы мұғалімдер керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адамға тіл, құлақ, қол қандай керек болса, бастауыш мектептерде үйренетін білімдер де сондай керек. Осы заманда хат білмеген адамның күйі – тіл я құлағы, я қолы жоқ адамның күйімен бірдей.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Орысша оқу – орыс қолтығында тұрған жұртқа керек, керек болғанда қазақша оқығанның үстіне керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Адам баласын: көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген – ғылым. Дүнияның бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған – ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген – ғылым.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек, тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Оқусыз халық — қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Үйрену һәм үйрету ең басында қиын. Балалар оқудың басында қиналмаса, оқудан тауы шағылмай, көңілі қайтып, мұқалмайды, оқуға ықыластанып, оқыған сайын қызығады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Мінез – іштен туады, бірақ шынығып жетпей тұрғанда мінез түрін тәрбиемен өзгертуге болады. Адамға тәрбие беруге әуелі: ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, тұрмысындағы төндірек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жазу-сызу жоқ жұртта - көсем жұртты шығармалар болмайды. Себебі, жазу-сызу жоқ жұртта өнер-ғылым болмайды. Ғылым дегеніміз – дүниені, яғни табиғатты дұрыс тану, ғылым жоқ болса, дүниені тану дұрыс болмайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Замана сипаты: білімі көптер жұрт билемей, малы көптер жұрт билер заман.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Жастардың оқу-тәрбие жұмысы түзелмей, жұрт ісі де түзелмейді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек. Неге десек, болыстық та, билік те, халық та оқумен түзеледі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз – бәрі надандық кесапаты.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Халықтың түзелуінің үміті – жастарда. Сондықтан, жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуін, бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазіргі қазақ мәселесінің ең зоры — жер мәселесі. Бұл – қазақтың тірі на өлі болу мәселесі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Біреудің иемденіп отырған жерін аламын деп шығарған дау – біреудің малын, мүлкін аламын деп дау шығарғанмен бір есеп.