Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Кұл болған халықтан туып, құлдықтың қорлықзорлығын көріп отырып, қазақ қалам қайраткерлері қаламын ұлтының ауырын – жеңілдету, ауруын – азайту жолына жұмсамасқа мүмкін емес.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақта газета, журнал, кітаптар жоқ кезінде жоғалмаған тіл газета, журналы шығып, кітаптары басылып, жылдан-жылға лгері басып келе жатқанда, қазақ тілі жоғалмас.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әуелі, газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Көркем сөз – көңіл тілі, жалаң сөз – зейін тілі.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әркім өзі жақсы білетін нәрсесін сынауы керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Мақал – тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылатын сөз.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әдеби еңбекті ешкім мақтаныш үшін жазбайды, ол мінезден туады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениетке, оқуға ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Бұрынғы қазақ ақындарының мақтау, құттықтау өлеңдерінің көбі қадірсіз болып кетуі – шын көңілден шын толғау болып шықпағандықтан.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Айтыс — өлеңді сөз болған соң, оған ақындық керек. Ақындықтың үстіне әдіс керек. Күрескенде күшке әдіс серік болуы сияқты, айтысқанда ақындыққа да әдіс серік болады. Әдісі жоқ әйдік ақынды әдісті анау-мынау ақын жеңіп кетуі мүмкін.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Елде жоқ рух — ақын сөзіне қайдан келсін?!

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қалам қайраткерлері – жолын тастап, көрінген жолаушыға ере беретін бұралқы ит емес. Бауырмал болып қалған қазақ қалам қайраткерлері, иә, бояумен түсін өзгертіп, иә, түләнмен түгін өзгертіп бейбауырмал болмаса, нақ ішін өзгертіп бейбауырмал бола алмайды.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақтың баласы – ұлтым, жұртым, бауырым деп үйреніп қалған қазақтың бауырмал қалам қайраткерлері, октябрь өзгерісі болғанда бірден интернационал (бейбауырмал) болып өзгере алмады, өзгелердей «әлімсақтан бері» коммунист, интернационалист едім деп айтуға аузы бармады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Дарынды сөзді сынау үшін де білім керек, бірақ қара сөзді шығармаларға өнер білімі көбірек керек. Ұстаның мінін көбінесе ұсталар көреді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әр ақын, әр жазушы сөздің басын өзінше құрастырып, өз оцтайымен тізеді. Өз білуінше пікірлейді, сондықтан әрқайсысының лұғатында өзіндік айырымы, өзіндік белгісі болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Өнердің ең алды – сөз өнері деп саналады. «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ – сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Сөйлеу жүйесінің мақсаты – сөйлеу жүйелерін меңгеріп, сөзден нендей нәрселер жасап шығаруға болатындығын көрсету.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Ақындық – жалғыз өз көңілін, күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып, толғай алуда.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Сөздің асыл болатын сырын білген адам – сөзді сынай біледі.

    ...Жүйрік аттың белгілі сипаттары сияқты асыл сөзде де белгілі сипаттар болады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Сөз жазатын адам – әрі жазушы, әрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы, ажарлы болуына – ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дәмді болуына — сыншылдық керек. Мағыналы, маңызды болуына – білім керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қысылған жерде қарасу, қиналған жерде болысу – адамшылықтың, мұсылманшылықтың ең жоғарғы дәрежесі еді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Амалыңды түзет, түземесең, ешкімге кінә қойма! Беті жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе?

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Домбыра тарту, ән салу, өлең айту сияқты халықтың үйреншікті сауықтарына дейін күнә деп, тиғысы келген. Бірақ ұзын арқан, кең тұсауға қалыптанған қазақ шариғаттың тар тұсауына үйрене алмаған.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақ дінге нашар күйден өткен, енді қазақты басқа дінге аударамын деу құр әурешілік.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Араб әліппесі қазақ арасына дінмен бірге жайылған. Дінмен байланысқан әліппені тастап, қазаққа басқа әліппе алдыру – қиын жүмыс.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Шариғат – бір айтылып, тас сияқты қатып қалған өзгерілмейтін жол, тіршілік күн сайын өзгеріп тұрады.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Емле мен әліп-би жағына келгенде, біз орыстан да, немістен де, француздан да, ағылшындардан да алда тұрғанымыз мәлім болды. Аз ғана күшімізді озған үстіне озамыз деп, озып тұрған жерімізге жұмсауымыз керек.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Қазақ жат сөзге әуестенбей, пән сөздерін өз тілінен жасауға тырысты. Әдебиет тілі ауылдағы қазақтың хат білетін, білмейтін – қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Әліп-би түзеу, емле түзеу жағынан соңғы кезде істелген істер жемісті болып, бұ жағынан біз Еуропа, Америка жұрттарының алдында тұрмыз.

  • Ахмет Байтұрсынұлы

    Ахмет Байтұрсынұлы

    Хат мәдениеті бар халыққа: бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып алып кетуге бірталай уақыт керек...