Зиялы ғылыми танымдық порталы

"Жас ғалым - IV" атты студенттердің ғылыми конференциясы

"Жас ғалым - IV" атты студенттердің ғылыми конференциясы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Назарбаев университетінің Қазақ тілі және түркітану Департаменті және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жылдық мерейтойына арналған 2022 жылдың 15 сәуірінде «ЖАС ҒАЛЫМ-ІV» атты республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясы өтеді. 
Мақсаты
1.    Студенттердің қазақ тілінде академиялық ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
2.    Жастар арасында қазақ тілінің мәртебесін арттыру;
3.    Қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу арқылы жастардың бойында тұлғалық белсенділігін дамыту;
4.    Еліміздің ЖОО студенттері арасында интеграциялық қарым-қатынасты дамыту.
Қатысушылар: Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатыса алады. Барлық мамандықтар бойынша қатысуға болады.
Басты бағыттары: 
1.    Қазақ тіл білімі ғылымы
2.    Қазақ әдебиеттану ғылымы
3.    Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
4.    Жаратылыстану, техникалық және медициналық ғылымдар
Форматы:
Форматы: онлайн. ZOOM платформасы. Конференцияға қатысуға өтінім мен ғылыми баяндама мәтінін жіберу қажет. Қатысу өтініміне – қатысушының аты-жөні, университеті, факультеті, курсы, ғылыми жетекшісі, зерттеу тақырыбы, эл.поштасы, телефоны беріледі. Ғылыми баяндамада – зерттеу өзектілігі, әдіснамасы, жаңалығы, басты тұжырымдары, пайдаланған деректері қамтылуы қажет. Баяндама көлемі – 1200-1500 сөз. 
Ғылыми баяндама презентация негізінде ауызша қорғалады. Презентация түрлі-түсті дизайнмен дайындалады және таблица, кесте, диаграмма, құжат, материал, фото суреттер, т.б. қолдануға болады. Бір презентацияны қорғау уақыты – 10 минут.
Қатысу тәртібі: 5 сәуірге дейін – конференцияға қатысу өтінімі мен ғылыми баяндама мәтінін мына электронды поштаға жіберу керек: zhabdigapar@nu.edu.kz 
5-10 cәуір - ғылыми баяндаманы іріктеу комиссиясы қарастырады және іріктеу нәтижесі қатысушыларға жіберіледі.
Конференцияны өткізу тәртібі: 
  Мерзімі мен уақыты: 15 сәуір 2022 жыл, 10.00-18.00 
 Қатысушы презентациясын қазылар алқасы, қатысушылар және көрермендер алдында онлайн ауызша қорғайды. Әр презентацияның қорғалу уақыты конференция бағдарламасында көрсетіледі.
 Конференцияның басты 4 бағыты бойынша қазылар алқасының шешімімен үздік баяндамалар іріктеледі және марапатталады.
  Конференция материалдары электронды жинақ түрінде шығады. Үздік баяндамалар «Зиялы» ақпараттық порталында жарияланады. 
  Конференция қатысушыларына - сертификат, ғылыми жетекшілерге - алғыс хат, үздік баяндамашыларға – арнайы сыйлықтар беріледі.
Мекенжайы және байланыс телефондары: Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев университеті, «Қазақ тілі және түркітану» Департаменті, 8 блок, 120 кабинет. 
Жауаптылар: Құсайынова Мейрамгүл, Әбдіғаппарова Жанар, Жүнісхан Айдын. 
Телефондары: 87026002479, 87018009926, 87786133394