Зиялы ғылыми танымдық порталы

Жас ғалым - 2022

Назарбаев университетінің Қазақ тілі және түркітану Департаменті және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150-жылдық мерейтойына арналған  2022 жылдың  15 сәуірінде  «ЖАС ҒАЛЫМ-ІV»  атты республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми  конференциясы  өтеді. 

Мақсаты:
Студенттердің   қазақ тілінде академиялық ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
Жастар арасында қазақ  тілінің мәртебесін арттыру;
Қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу арқылы жастардың бойында тұлғалық белсенділігін дамыту;
Еліміздің ЖОО студенттері арасында интеграциялық қарым-қатынасты дамыту.

Қатысушылары:
Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатыса алады. Барлық мамандықтар бойынша қатысуға болады.

Басты  бағыттары: 
1. Қазақ  тіл білімі ғылымы
2. Қазақ әдебиеттану ғылымы
3. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар
4. Жаратылыстану, техникалық және медициналық ғылымдар

Форматы: 
Форматы: онлайн. ZOOM платформасы
Конференцияға қатысуға өтінім мен ғылыми баяндама мәтінін жіберу қажет.  Қатысу өтініміне – студенттердің аты-жөні, университеті, факультеті, курсы, ғылыми жетекшісі, зерттеу тақырыбы, эл.поштасы, телефоны  беріледі. Ғылыми баяндамада – зерттеу өзектілігі, әдіснамасы, жаңалығы, басты  тұжырымдары, пайдаланған деректері қамтылуы қажет. Баяндама көлемі – 1200-1500 сөз.  
Ғылыми баяндама презентация негізінде ауызша қорғалады. Презентация  түрлі-түсті дизайнмен дайындалады және таблица, кесте, диаграмма,  құжат, материал, фото суреттер, т.б. қолдануға болады.  Бір презентацияны қорғау уақыты – 10 минут.

Қатысу тәртібі:
5 сәуірге дейін – конференцияға қатысу өтінімі мен ғылыми баяндама мәтінін мына электронды поштаға жіберу керек: zhabdigapar@nu.edu.kz
5-10 cәуір -  ғылыми баяндаманы іріктеу комиссиясы қарастырады және іріктеу нәтижесі қатысушыларға жіберіледі.

Конференцияны өткізу тәртібі:
Мерзімі мен уақыты: 15 сәуір 2022 жыл, 10.00-18.00  
Қатысушы презентациясын қазылар алқасы, қатысушылар және көрермендер алдында онлайн ауызша қорғайды. Әр презентацияның  қорғалу уақыты конференция бағдарламасында көрсетіледі.
Конференцияның басты 4 бағыты бойынша қазылар алқасының шешімімен үздік баяндамалар іріктеледі және марапатталады.
Конференция материалдары электронды жинақ түрінде шығады. Үздік баяндамалар «Зиялы» ақпараттық порталында жарияланады.   
Конференция қатысушыларына - сертификат, ғылыми жетекшілерге - алғыс хат, үздік баяндамашыларға – арнайы сыйлықтар беріледі.  

Мекенжайы және байланыс телефондары:
Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев университеті, «Қазақ тілі және түркітану» Департаменті, 8 блок, 120 кабинет. 
Жауаптылар: Құсайынова Мейрамгүл, Әбдіғаппарова Жанар, Жүнісхан Айдын. Телефондары: 87026002479, 87018009926, 87786133394