Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30-жылдығы мерейтойына орай Назарбаев университетінің Қазақ тілі және түркітану Департаменті және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық бірлестігінің ұйымдастырумен 2021 жылдың 9 сәуірінде «ЖАС ҒАЛЫМ – 2021 - ІІІ» атты республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми көрмесі өтеді.
Мақсаты: Студенттердің қазақ тілінде академиялық ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту; Жастар арасында қазақ тілінің мәртебесін арттыру; Қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу арқылы жастардың бойында тұлғалық белсенділігін дамыту; Еліміздің жоғары оқу орындары студенттері арасында интеграциялық қарым-қатынасты дамыту.
Қатысушылар: Студенттердің қазақ тілінде академиялық ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту; Жастар арасында қазақ тілінің мәртебесін арттыру; Қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу арқылы жастардың бойында тұлғалық белсенділігін дамыту; Еліміздің жоғары оқу орындары студенттері арасында интеграциялық қарым-қатынасты дамыту.
Көрменің басты бағыттары: Қазақ тіл білімі ғылымы; Қазақ әдебиеттану ғылымы; Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар: Жаратылыстану, техникалық және медициналық ғылымдар
Көрме форматы: Көрме ғылыми постерлерден жасақталады. Бір постер құрамы: 2 студент, ғылыми жетекші. Постер форматы – жазбаша және ауызша. Постердің жазбаша формасы – постер мен ғылыми мақала. Постердің ауызша формасы – 9 сәуірде қорғалады. Көрме соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар, ғылыми жетекшілерге алғыс хаттар тапсырылады және әр бағыт бойынша 3 үздік ғылыми постер марапатталады.
Постердің мен мақаланың мазмұндық құрылымы: Постер тақырыбы: Постерді дайындаған студенттердің аты-жөні, университеті, факультеті, курсы, ғылыми жетекшісі; Зерттеу жайлы шағын абстракт – қазақ және ағылшын тілдерінде (әрқайсысы 50 сөзден); Зерттеу мәтіні нақты және қысқаша болғаны абзал; Постерді безендіру талаптары: түрлі-түсті дизайнмен дайындалады және таблица, кесте, диаграмма, құжат, материал, фото суреттер, т.б. қолдануға болады. Ғылыми мақалада – постер тақырыбының өзектілігі мен басты зерттеу тұжырымдамалары қамтылады. Мақала мәтіні көлемі – макс.1000 сөз. Мәтінде сілтемелер жақшамен беріледі (1, 15), (1, 15-17) бірінші сан - әдебиеттер тізімі нөмірі, екінші сан беті көрсетіледі; Постерлер үлгісімен: «Зиялы» ақпартаттық порталында танысуға болады: https://ziyaly.kz. Постер тақырыбы: Постерді дайындаған студенттердің аты-жөні, университеті, факультеті, курсы, ғылыми жетекшісі; Зерттеу жайлы шағын абстракт – қазақ және ағылшын тілдерінде (әрқайсысы 50 сөзден); Зерттеу мәтіні нақты және қысқаша болғаны абзал.
Постердің техникалық талаптары: Постер өлшемдері: 0,85х1,2м (А0) Постер тігінен жасалу керек, Мәтін шрифтісі оқуға қиын ұсақ болмауы шарт; Файлды сақтау үлгісі. PDF; файл фотошопта жасалса, міндетті түрде PSD форматы, COREL-DRAW үлгісінде болса, сол COREL-ДАҒЫ форматы қатар берілуі қажет.
Көрмеге қатысу тәртібі: 20 наурызға дейін - көрмеге қатысуға постер мен мақала мәтінін тапсыру қажет; 22-26 наурыз - көрмеге қатысатын постер мен ғылыми мақаланы іріктеледі және іріктеу нәтижесі қатысушыларға жіберіледі.
Постер мен мақала келесі электронды поштаға жіберілуі қажет zhabdigapar@nu.edu.kz
Көрмені өткізу тәртібі Ғылыми постерді қорғау: онлайн, ZOOM платформасы
Конференция идентификаторы 920 0945 5381
Код 124932
Уақыты: 10.00 – 16.00
Постерді қорғау: бір постерді ауызша таныстыру уақыты – 10 минут. Постерлерді студенттер 9 сәуір күні қазылар алқасы, қатысушылар және көрермендер алдында қорғайды. Әр постердің қорғалу уақыты бағдарламада көрсетіледі.
Көрме туралы байланыс: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев университеті, «Қазақ тілі және түркітану» департаменті, 8 блок, 120 кабинет.
Жауаптылар: Әбдіғаппарова Жанар,эл. пошта: zhabdigapar@nu.edu.kz
Тел.: 87026002479
Жүнісханов Айдын, эл.пошта: aidyn.zhuniskhanov@nu.edu.kz
Тел.: +7 702 412 4730
Ізгі тілекпен,
Ұйымдастыру комитеті