Зиялы ғылыми танымдық порталы

Нақыл сөздер: Шәкәрім Құдайбердіұлы

Қазақ халқының даналығы ғасырлар бойы ұлы тұлғаларының нақыл сөздері арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келеді.
Бұл сөздер тек қана терең мағыналы ой емес, сонымен қатар өмірлік бағдар, рухани тәрбие көзі болып табылады.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Жалқаулық, көрсеқызар, ашу, мақтан, Арамдық, өтіріктен – ерте сақтан.

    Күні бұрын жуытпа маңайыңа,

    Есер, есiрiк, ынжықтық – солар жақтан.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Қазақта жоқ ақылмен ой бекітпек, Нәпсі ұнаса болғаны – бәрі бітпек. Тәуекел деп ат қойып ықтималға,

    Байлауы жоқ нәрседен пайда күтпек.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Көңілі жұмсақ адамның күрмеуін тағдыр шешеді.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос — өмірінде өкiндiрмес қасиеттер осылар.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Ең зиянды адам – мінезі тайғақ, екі сөйлейтін адам. Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам болады.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Тегіс тексер сөз көрсен сыр мен сынын, Түзетуге именбе тапсаң мінін.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Өлең үйіріліп көкейіңе ұйып жатсын, Тазартып жүрек кірін жуып жатсын.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Билік айтсаң – түзу кес, адалын айт. Тиянақ көрме жалғанды.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Адам топ әскерді алдап, өлімге апара алса да, өзіне зұлымдықты қойғыза алмайды.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Осы өмірден басқа өмір жоқ болатын болса, жаралыспен жағаласып, адамдармен арпалысып өмір сүргенше, жасамаған артық емес пе?

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Молдалар: «Жан денеден шыққанда қатты қайғырады», – дейді. Өтірік айтады: неге десеңіз, жан ақылмен бірге шығатын болса, дене тұтқынынан құтылғанына қуанса керек. Егер ақылы жоғалатын болса, қайғыруды білмесе керек.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Адамнан жаман жанды жоқ, мені жамандаған кісі өзінен жаман қыла ала ма? Тәтті сөз тауып айта алмайтын ақын, мені неге күндейсің? Мені – сен, сені – мен жаратқам жоқ қой!

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    «Мені кім жаратты?» — деп ойламайтын бас бола ма?

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Дүниеге қызығатын көзімді топырақ баспай тұрып бейнеттен құтыла алмаймын, осынша тәтті көретін өмірден татпай тұрып «ащы» деген өлім жақсы болса керек.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әулие дегені сол болса керек.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Өлгенде жаным ақылыммен бір шығатын болса, талай тамаша көрсем керек. Егер ақылым да, жаным да біржола жоғалатын болса, мен – жанып өшкен отпын. Дүниені өртесем де, ешкім мені жазалай алмайды.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Мен жан жоқ, өлген соң өмір жок - дегенге таңғаламын. Оларға мұндай сөзді қандай ой айтқызып отыр екен? Осы кезде жанның барлығына, өлген соң да жоғалмайтынына күндей жарық дәлелдер табылып тұрса да, нанып қалған, әдет алған шатақ діннен шыға алмаған молдаларша қатып қалу – ақыл ісі ме?

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Заманды жаралыс билейді.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Мен тарыдай жақсылық қылсам, таудай зұлымдығымды жасырғалы қыламын. Сөйтіп жүріп, адам атануға ұяламын.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Ындыны таза — иманды.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Сенімсіз — иман жоқ.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Сабыр деген – әр іске шыдамдылық, Қатты керек адамға бұл бір қылық. Қолы жетпей талмай талап ізденеді, Осыдан кеп шығады адамшылық.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Нәпсі, өзімшілдік пен мақтан әдеттер туғызады.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Бейнет көрме, біреуге бейнет берме, Дүние – алдамшы, өмір – қу деп елірме. Камдан, сақтан, қалғып бақ бәле келсе, Бәрін құдай қылады дегенге ерме.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Дін тазасын ой табар.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Жігіттер күн болды ойланарлық... Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Талаптан да білім мен өнер үйрен, Білімсіз, өнерсіз болады ақыл тұл.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Білімнің мақсаты – ар ілімін игеру.

  • Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

    Білім беру саласында «ар білімі» деген білім оқытылуға тиіс деп ойлаймын.