Қазіргі таңда Солтүстік Корея мен АҚШ-тың арасындағы шиеленісулер күшейе түсуде. Мақалада осы шиеленістің алғы шарттары мен оның болашақтағы бағыт-бағдары жайлы қарастырылады.
Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Пхеньян қаласындағы парадта сәлем беруде. 10 қазан 2015 жыл [Wong Maye-E/AP]
АҚШ Президенті Дональд Трамптың Солтүстік Кореяның лидері Ким Чен Ынмен жоғары деңгейде жоспарланған саммиті өзінің күшін жойды. 2018 жылы екі ел арасында дипломатиялық байланыстар жүргізілген де, олардың арасындағы соғыстық қауіп-қатер өз күшін жойған жоқ.
Америка Солтүстік Кореядан экономикалық пайда түсіру мақсатында жүзеге асырылып отырған ядролық бағдарламаны тез арада тоқтатуын талап етті. Алайда, Пхеньян басшылығы Америкаға қарсы қойылған талаптары орындалған жағдайда ғана бірнеше зымырандарды жою арқылы ядролық бағдарламаның біраз бөліктерін алып тастауға дайын екендігін мәлімдеді. Солтүстік Кореяның Америкаға қойған талаптары – АҚШ-тың Оңтүстік Кореядағы әскерлерін әкетуге бағытталған халықаралық келісімдерді бекіту.
Солтүстік Кореяның қатері шындық. Қазіргі таңда, Солтүстік Кореяда құрлықаралық баллистикалық ракета бар және оның күш-қуаты АҚШ-тың Чикаго, Нью-Йорк, Вашингтон сияқты маңызды қалаларына соққы жасауға жетерлік. АҚШ қарулы күштерінің пайымдауынша, Солтүстік Кореяның ядролық қарудың «миниатюрасын» жасап, оны ракетаның ішіне орналастыру мүмкіндігі бар. (Алайда, Пхеньян ракета ішіне бомба орнатып, АҚШ-ты соғуға қабілеті бар ма, ол түсініксіз).
Ендеше қателеспеңіздер: жағдай өте өте қиын.
Тоқтаңыздар: Неліктен осындай саяси жағдай орын алып отыр? Неліктен біз жердің басқа бөлігінде орналасқан, кішкентай, кедей мемлекетпен болуы мүмкін соғыс туралы айтып жатырмыз? Бұл шиеленіс хикаясының бастамасы өткен ХХ ғасырдың 50-ші жылдары болған Корей соғысынан басталады. Бұл хикая дипломатиялық сәтсіздіктер, тиран диктаторлар мен айлалы геополитикалық қулықтарға толы.
Әлі де басы қатып жүрген адамдар болса, уайымдамаңыздар – біз барлығын қамтып қарастыруға тырыстық. Төменде, осы саяси жағдайға қатысты басты сұрақтарға жауап берілген. Осы мәлімет сіздерге жанжалдың қай нүктесіне жеткеніміз, оған қалай жеттік және болашақта қандай жағдайға тап болуымыз мүмкін деген сұрақтарға жауап аламыз.
1. Солтүстік Корея дегеніміз не?
Солтүстік Корея, ресми түрде Корея Халық Демократиялық Республикасы, Қытай мен Оңтүстік Корея арасында орналасқан Солтүстік-Шығыс Азияның кішкентай мемлекеті. Мемлекет халқының саны шамамен 25 миллион адамды құрайды, оның 3 миллионы астанасы Пхеньянда тұрады.
1948 жылдан бастап мемлекет басшылығында Ким әулеті билік жүргізіп келеді. Солтүстік Кореяны 1948-1994 жылдар аралығында басқарған Президенті Ким Ир Сен (Ким Чен Ынның атасы) мемлекетті 46 жылдай басқарды. Ким Ир Сенге халқы билеген уақытында және өлгеннен соң құдай ретінде қараған, оны әлі күнге дейін «Ұлы Көшбасшы» және «Мәңгілік Президент» деп атайды. Оны ұлықтаған ескерткіш-монументтер елдің түпкір-түкпірінде орнатылған.
Ким Ир Сеннің жеке басына табынушылық үрдісі 1950 жылдан басталады. Осы уақытта КСРО-ның қолдауымен Солтүстік Корея әскерінің Оңтүстік Корея жеріне басып кірумен Корей соғысы басталды. Ал, АҚШ Оңтүстік Кореяны қолдау мақсатында өз әскерін енгізу арқылы қарулы интервенциясын жүргізді. Қытай мемлекеті біршама уақыттан кейін Солтүстік Корея жағында шайқасты. Бұл Корея соғысы 5 миллионға жуық әскер мен қарапайым халық қырылған, қанды соғыс болды.
1953 жылы соғыс аяқталған соң, екі мемлекеттің демилитаризацияланған шекарасы құрылды және осы шекара қазір де маңыздылығын жоғалқан емес. Шындығында, екі мемлекет әлі күнге дейін соғыс жағдайында, себебі екіжақты әскери іс-әрекеттерді тоқтату туралы келісім-шарт әлі бекітілген жоқ.
Соғыс аяқталғаннан кейін Оңтүстік Корея АҚШ-тың едәуір қаржылық және қорғаныстық қолдауының арқасында бірітіндеп әлемнің ең дамыған, бай, алдыңғы қатарлы білім деңгейі мен технологиясы бар мемлекетке айнала бастады.
Солтүстік Корея мемлекеті де бастапқы кезеңде КСРО мен Қытай көмегінің арқасында едәуір өркендеген еді. Бірақ, елді кәсіби деңгейі төмен басқару жүйесі, оның өте үлкен қарыздары және бірнеше жыл қатарынан елді жайлаған құрғақшылық пен су тасқындары салдарынан Солтүстік Кореяның экономикасы құлдырап, артынан ұзақ уақытқа созылған аштыққа апарды.
Осы тарихи кезеңде, КСРО экономикасы дағдарыс жағдайында болып, соның салдарынан КСРО басшылары Солтүстік Кореяға жәрдем беруден бас тартты. 1990 жылдардың басында КСРО империясы толықтай құлағанда, Солтүстік Корея экономикасы да өте үлкен күйзеліске ұшырап, нәтижесінде адам шығыны 1 миллионға жеткен аштық елді жайлады.
Осы қиыншылықтарға қарамастан, мемлекет басшысы Ким Ир Сеннің жеке басына табыну идеологиялық саясаты жүргізілді. Солтүстік Корея тұрғындары оны «мемлекеттің мейірбан әкесі» ретінде мадақтайтын үгіт-насихат тасқынның астында қалды. Ким Ир Сен өзінің ерекше «Джуче» атты идеологиясы бойынша мемелекет социалистік утопияға айналды. Корей тілінен аударғанда өзіне сүйенетін, джуче халқы өмірінің барлық салаларында толық тәуелсіздікке ерекше көңіл бөледі. Бұл тәуелсіздік халықаралық қарым-қатынастан бастап, экономика мен ұлттық қауіпсіздікке дейінгі салаларды қамтыды.
Ким Ир Сен 82 жасында қайтыс болғанда, Кореяның Орталық Ақпараттық Агенттігі (мемлекеттің жаңа құрылған ақпараттық ұйымы) 7 беттік жалынды хабарламасын халыққа жариялады. Бұл хабарламада «Ол біздің артта қалған, аштыққа толы мемлекетті мықты, тәуелсіз, тек өзіне сүйенетін Социалист мемлекетке айналдырды»,- деп жазылған еді. Ақпараттық Агенттік бұл күнді «Ұлттың күні» деп жариялады.
1994 жылы Ким Ир Сен қайтыс болғаннан кейін, оның ұлы Ким Чен Ил және немересі Ким Чен Ын мемлекетті Ким Ир Сеннің идеологиясына негізделген басқару жүйесін мақсатты түрде жалғастырды. Тіпті, Ким Чен Ын шашын қысқарту арқылы өзінің сыртқы келбетін барынша атасына ұқсатып бақты.
Солтүстік Корея басшыларының заманауи экономикалық реформалар жүргізгеніне қарамастан, басқа әлем мемлекеттерімен салыстырғанда, ел экономикасы әлдеқайда артта қалған болатын. Орталық Барлау Басқармасы Солтүстік Кореяны кедейлік деңгейі бойынша әлемнің 230 мемлекетінің ішінде 215 орынға қойды және оның халқы адам басына шаққанда жылына 1700$-ға өмір сүреді.
Солтүстік Корея экономикасы негізінен Қытаймен сауда-саттыққа тікелей байланысты. Мемлекет кірісінің едәуір бөлігі Қытайға жыл сайын сатылатын көмірдің есебінен келеді. Оған қоса, Солтүстік Корея Қытайға темір кенін, теңіз өнімдері мен киім өнімдерін шығарады.
2. Солтүстік Кореяның орташа азаматының өмірі ақпарат жаңалықтарында көрсететіндей жаман ба?
Иа, дәл солай.
Адам Құқықтарын Қорғау ұйымының (Human Rights Watch) сұмдық ақпараты бойынша: Солтүстік Корея әлемнің ең қатал жазалайтын авторитарлы мемлекеттерінің бірі болып саналады. Ким Чен Ын көпшілік алдында жазалау, қамауда ұстау және мәжбүрлі еңбек арқылы қорқынышқа толы жазалау формаларын күшейтті. Оған қоса, шетелге босқын болып қашуды тоқтату үшін, мемлекеттен шығуға тыйым салынған және ішкі немесе шетелдегі адамдармен діни тұрғыдан қарым-қатынасқа қатты тиым бар.
Үкімет басшылығы бекіткен жалпы адам құқықтарын бұзушылық әрекеттерге - өлтіру, құлдыққа сату-салу, азаптау, абақтыға қамау, зорлау, мәжбүрлі аборт пен басқа жыныстық зорлықтар және адамзатқа қарсы жасалған қылмыс түрлері кіреді. Осы қылмыстық әрекеттерді жазалаудың ең кең тараған түрі - ол мемлекет тарапынан басқарылатын лагерьлер (гулагтар) мен мәжбүрлі еңбек лагерлері. Әдетте, осы лагерьлерде орын алған бұзақылықтар тек қана өлім жазасымен жойылады және ешқандай басқа абақтыға ауыстыру туралы сөз болмайды. Солтүстік Корея үш сатылы жазалау ережесін қолданады, егер мемлекет сені бір рет қылмыскер деп таныса, онда сенің бала мен немерелеріңе дейін осы қылмыскер ұрпағы айыбы тағылып, оның әсерінен олар да азап шегеді.
Дегенмен, осындай сұмдық жағдайларға қарамастан Солтүстік Корея тұрғындары лайықты өмір салтын ұстанады және басым көпшілігінің өмірі қарапайым болып келеді. Астанасы Пхеньянда қарбалас уақытында метро пойызы адамдарға толы болады және соңғы жылдары көлік санының артуынан қала кептелістері де жиі орын алады. Сонымен қатар, батыстық үлгідегі сәнді киім-кешектерді Солтүстік Корея дүкендерінде сатып алуға мүмкіндік бар. Тіпті, кейбір мемлекет тұрғындары заңсыздығына қарамастан пластикалық хирургияға да қол жеткізіп жатады.
Солтүстік Кореялықтар тек қана мемлекет басшылығы анықтаған 30-ға жуық сайттармен ғана шектелген ғаламтор жүйесін пайдалана алады. Ғаламтор парақшаларында қарапайым халық тағам рецепттері мен фильмдерін көре алады. Сонымен қатар, ғаламторда Президент Ким Чен Ынның күнделікті не істейтінін көрсететін үлкен топтама да бар.
Солтүстік Кореяның билік жүйесінде, әскери және бизнес саласындағы өте бай адамдарының өмірі басқа елдерден еш айырмашылығы жоқ, олар да космополиттік өмір салтымен өмір сүруде, және олардың барлығы астананың «Пхеньянгтан» атты элиталы ауданында тұрады. Олар дизайнерлер жасаған киімдер киеді, сәнді ресторандарда тамақтанады және демалыстарға шығады.
Әрине оның барлығы қалыпты жағдай емес. Себебі, кейбір кедей аудандарда күнделікті өмірге жеткілікті тамақ табу азабынан кішкене ғана артықшылығы бар. 2013 жылы Солтүстік Кореяда көмек көрсетумен барған британдық Альф Эванс телеграф арқылы мынадай мәлімет жіберген: «Бір нәрсе өсіруге болатын жердің әрбір тұтамы қолданылады».
3. Неліктен АҚШ мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың қауіпі өте жоғары?
Солтүстік Корея және АҚШ арасындағы қақтығыстың бастауы Корея соғысында Американың Оңтүстік Кореяны жақтауынан басталды. Қазіргі таңда, АҚШ-тың 23 500-ге жуық әскері Оңтүстік Кореяда орналастырған. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея Американың алтыншы ірі сауда серіктесі болып табылады (2016 жылы екі жақты сауда көлемі шамамен $112.2 миллиардты құрады). 2012 жылдың 15 наурызынан бастап Оңтүстік Корея мен АҚШ-тың сауда-саттық қатынастары еркін сауда келісіміне негізделген.
Осы жағдайлар Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы байланысты қайшылыққа апарды. Солтүстік Корея насихатында американдықтар кәріс халқын күшпен бағындыратын, жауыз, империалисттік агрессор ретінде көрсетілген. Корей соғысында американдықтардың жасаған зұлымдығына кәрістер тұтас мұражай арнаған.
АҚШ-та Солтүстік Кореяның әрекеттеріне наразы. Негізгі факторлардың бірі - Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық ракета мүмкіншіліктерін дамытуда, әсіресе ракета ішіне орнатылатын, жауға соққы бере алатын ядролық қаруды шығарды. Эксперттердің пайымдауынша, Корея Үкіметінің ядролық қарулар саясатын жүргізуінің басты мақсаты халықаралық деңгейде Ким режимін құлатуға тойтарыс беру болып саналады. Көптеген адамдар Ким Чен Ынды иррационалды, «есалаң, етшең бала» деп ойлап жүргенде, эксперттер оны өзінің жанұясының билігін сақтап қалуына кепілдік беру мақсатындағы қызметін рационалды деп бағалайды.
Солтүстік Кореядағы Кимдер әулеті «теориялық» тұрғыдан ядролық қаруы жоқ мемлекет басшыларына не болғанын біледі. Әсіресе Ирактың бұрыңғы президенті Саддам Хусейн ядролық ракета бағдарламасымен бүкіл әлемге өзін мойындату саясатын жүргізген еді, нәтижесінде 2003 жылы оның еліне агрессиямен басып кіріп, оның өзін биліктен құлатқан еді. Екінші мысал, Ливия Президенті Муаммар Каддафи де өзінің ядролық бағдарламасының екпінімен, Батыспен қоян-қолтық араласудан бас тартқан еді, бірақ соңында ол да биліктен шеттетіліп, тобырмен өтірілді. Сол үшін, Ким жанұясының билігін мойындату және күшейтудің бірден-бір жолы - ядролық қаруды дамыту.
4. Қытай мен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастың саяси астары неде?
АҚШ Президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға Қытайдың экономикалық ықпалын күшейтуді және осы саясат арқылы Солтүстік Кореяны тізгінде ұстауды ұстанады. АҚШ Қытайдан Солтүстік Кореяға баратын мұнай кемелерін жіберуді тоқтатуын және жалпы сауданы күрт азайтуын, тіпті тоқтатуын қалайды. Бірақ, сәуір жиналысында Қытай президенті Си Цзиньпин Трампқа бұл мәселенің күрделілігін түсіндіргенде, Трамп 10 минуттан кейін «бұның оңай емес екендігін енді түсіндім» деп айтқан болатын. Сонымен, Қытайға Солтүстік Кореяны бақылауды қиындататын «оңай емес» факторларға нені жатқызуға болады?
Біріншіден, Қытай Солтүстік Кореяны тосқауыл ретінде қолданады. Егер екі кәріс халықтары біріксе, ал қазіргі таңда бұл жағдай ықтималдылығы өте жоғары, онда Америка әскерлері Қытаймен шекараласатын мемлекетте болмақ. Бұл - Пекин үшін болдырмайтын жайт.
Екіншіден, егер Ким режимі құласа, онда бүкіл үкімет те құлайды. Осындай тұрақсыздық миллиондаған кәрістерді босқын ретінде шекараға алып келеді. Ал мұндай жағдай Қытай үкіметіне мүлде қажет емес. Қазіргі таңда Қытай Үкіметі өзінің барлық тараптағы шекараларының тұрақтылығын мақтан тұтады.
Үшіншіден, Америка, Жапония және Оңтүстік Корея мемлекеттерінің Солтүстік Корея жайлы алаңдаушылығы, осы регионға қатысты фокусты Қытайдан аластатады. Ал Қытайдың осы регионға қатысты өз саясаты бар, ол қарсыластарының ықпалын басқа жаққа бұруынан Оңтүстік Қытай теңізі мен басқа аудандарда өз саясатын жүргізуге мүмкіндік алады.
Осы аталған факторлардан Қытайдың неліктен Ким режиміне қарсы қатал болмауын түсінуге болады. Қытай басшылығы Ким режимін жақтыртпауы мүмкін немесе оның ядролық қаруды дамытуын қалауы да мүмкін. Бірақ, Оңтүстік шекарасында құрылуы мүмкін жаңа сәтсіз мемлекет немесе одан да жаман Америка бақылайтын мемлекетке қарағанда, осы саяси жағдайды таңдағанды жөн көреді.
Тіпті Солтүстік Кореяға қатысты Қытай ықпалы күшейсе де, кәрістер сынды өзінің елін мақтан тұтатын, ұлтшыл және ядролық қаруы бар ұлттың осы саясатты мойындайтынына ешқандай кепілдік жоқ.
5. Бұл жағдайды шешетін бірден-бір жол бар ма?
Басты болжам: Егер Солтүстік Корея өзінің ядролық қаруды дамыту бағдарламасынан бас тартса, бірақ, ондай жағдай ешқашан болмайтын сияқты. Екінші жағынан қарасақ, АҚШ-та өзінің штаттарының территориясына жете алатын Солтүстік Кореяда ядролық қаруы бар ел екенін мойындауы мүмкін, бірақ бұл жағдай да ешқашан болмайтын сияқты.
Сонымен не істеуге болады? Бұл мәселені шешетін ешқандай жеңіл жауап жоқ. Бұл саяси жағдайда екі жақтан да әбден абыржыған мемлекет президенттері мен епті ұлттық қорғаныс агенттіктері бар. Осы мәселе бойынща АҚШ-тың Мемлекет Хатшысы Рекс Тллерсон, Қорғаныс Хатшысы Джеймс Маттис және Ұлттық Барлаудың Директоры Дэн Коатстың сәуірде бірлесе қабылдаған мәлімдемесі бойынша Трамп әкімшілігінің қазіргі ұстанымы - «Солтүстік Кореяның ядролық, баллистикалық ракета және территория кеңейту бағдарламаларын жою мақсатында оған экономикалық санкциялар жариялау және біздің жақтастарымыз немесе региондағы серіктестерімізбен дипломатиялық тәсілдер арқылы қысым жасау» болып табылады деп жариялаған еді. NPR-ға берген сұхбатында Тиллерсон осы мәлімдеменің мақсаты келіссөздер арқылы Солтүстік Кореяны «денуклеризациялау» екенін түсіндірді. Бірақ, біз (АҚШ) осындай тәсілдерді бұған дейін қолданғанбыз және олар еш нәтижесін бермеді. Бұл саясатты – Барак Обама әкімшілігі де сегіз жыл бойы қолданған саясатының көшірмесі және ол нәтижесіз болған еді.
Шынымен де, 1985 жылдардан бастап Америка және басқа да мемлекеттер Солтүстік Кореямен қандай да болсын келіссөздер арқылы бітімге келуге тырысып келеді және ондай бітімге екі рет келу мүмкіндігі болған болатын. 1994 жылы Солтүстік Корея және АҚШ келісім-шарттардың бастапқы құжатына қол қойды. Бұл келісім бойынша: Солтүстік Корея көмекке айырбастау үшін өзінің плутоний қаруларын жасау бағдарламасын тоқтатқан еді. Алайда, бұл келісім-шарт 2002 жылы күшін жойды, ал 2003 жылдан бастап Солтүстік Корея өзінің ядролық қару бағдарламасын қайта жалғастырды.
Кейін, 2003 жылы, халықаралық қауымдастық - Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Ресей мемлекеттерінің қатысуымен жоғары деңгейде «Алты жақты талқылауды» ұйымдастырды. Мақсаты - Солтүстік Кореяның ядролық қару бағдарламасын тоқтату. Мақсатты осы талқылауға қатынасқан мемлекеттердің Солтүстік Кореямен дипломатиялық келіссөздері арқылы жүзеге асырмақ болды.
2005 жылғы қырқүйектен бастап аталмыш талқылаулардың нәтижесі көрінді, себебі Солтүстік Корея ресми түрде «барлық ядролық қаруы мен ядролық бағдарламаларынан» бас тартамын деген кеілісімге келді. Оның есесіне Солтүстік Корея басқа елдерден энергетика секторында қомақты көмек алады. Бірақ, 2009 жылы тексерістің техникалық тармақтары бойынша келіспеушілігінен Солтүстік Корея талқылаулардан шықты. Оның мәлімдемесі бойынша, енді ол ешқашан осы бағыттағы келіссөздерге қайта оралмайды және осыдан бастап олар ешқандай келісімшарттарымен байлаулы емес. Содан бері Солтүстік Корея өзінің ядролық және баллистикалық ракета бағдарламаларын жетілдіріп келеді.
АҚШ әкімшілігінің Солтүстік Кореяға қатысты «максималды қысым және еліктіру» Стратегиясы болашақта дипломатиялық келісімге әкелер деген үміт бар. Алайда, Трамп әкімшілігінің бұл саясаты нәтижесін бермесе, онда АҚШ-тың «Ақ үйі» Солтүстік Кореяның трансконтиненталды ядролық қаруды дамытуын тоқтатпаса, онда жалғыз қалатын опция - Солтүстіктің Кореяның ядролық нысандарына көзделген, қарулы соққы. Басқаша айтқанда, бұл соғыс.
6. Басқа мемлекеттердің Солтүстік Кореямен қарым қатынастары қандай?
Солтүстік Кореяның достары көп емес. Оның негізгі досы Қытай және төменірек дәрежеде Ресей. Осы мемлекеттердің екеуі де Американың басқа егемен мемлекеттерга қатысты әскери соққыларына әрқашанда қарсы. Екі мемелекеттің де пайымдауынша АҚШ-тың кез-келген әрекеті регионды тұрақсыздандырады және осы екі мемлекеттің мүддесіне зиян тигізеді. Солтүстік Корея Қытаймен және Ресеймен шекаралас және түбекте кез-келген дағдарыс болған жағдайда осы елдердің шекарасына қысым түсіреді.
Ресей Федерациясы жеке қалауымен Солтүстік Кореяға экономикалық жағынан көмек көрсетеді. Қазіргі таңда «Ресей Темір Жолы» компаниясы Пхеньянға дейін созылатын темір жол жүйесін салуды Солтүстік Кореямен талқылауда. Оған қоса, Мәскеу Солтүстік Кореяның энергетика секторына инвестиция құяды және Ким режимына шетелдік заттарды сатып алу үшін тұрақты валютамен көмек береді. Сонымен қатар, шамамен 10 мыңға жуық Солтүстік Кореяның жұмысшы мигранттары Ресейде арзан жұмыс күші ретінде қызмет істеп жатыр.
Негізінен, Солтүстік Кореяның басқа елдермен жақын қарым-қатынастары осы бағытпен аяқталады. Ал, оның Оңтүстік Кореямен қарым-қатынастары қайшылықты. Солтүстік Корея әкімшілігі Оңтүстік Кореяны қолдайтын Жапония мемлекетімен де қайшылықты қатынаста. Тіпті, бірнеше рет Пхеньян әкімшілігі Жапон аралдарын ядролық ракетамен шабуыл жасаймын деп те қорқытқан болатын. Жапонияны Кореяның ең басты жек көру себебі – 1910-1945 жылдары Жапонияның Кореядағы қатал отарлық жүйесі.
«Жапондықтар кәрістерді өзара ассимиляция жасауға итермеледі, яғни оларды жапон тілінде сөйлету, балаларына жапон аттарын қою және синтоизм ғибадатханаларында діни мәжбүрлеу сынды шараларын жүргізді. Еркектерді жапондық шахталар мен зауыттарда ауыр жұмыс істеуге итермеледі және кейбір әйелдерді сексуалды құлдыққа күштеп мәжбүрледі»,- деп Роберт С. Бойнтонның Нью-Йоркер баспасынан шыққан еңбегінде баяндаған болатын. Ким Үкіметі ел тарихында мәңгі сақталатын Жапонияның отарлау кезеңін, жапондықтардың зұлымдық саясатын басты ресми насихат құралы ретінде қолданып келеді.
Сонымен қатар, Жапония Оңтүстік Корея сияқты ІІ-ші Дүниежүзілік Соғыс аяқталғаннан бері АҚШ-тың қолдауында болып келеді. АҚШ әкімшілігі соғыс біткеннен кейін Токионы Азиядағы Стратегиялық әрекеттерінің орталығы ретінде көреді.
Солтүстік Корея кейбір ерекшеліктерге қарамастан, саяси әлемдік аренада қолдаушылары жоқ жалғыз мемлекет. Бірақ, бұл жағдай оны қатты уайымдатпайтын сияқты, тіпті мемлекеттің даму бағдарын өзгертуге де еш әрекеті жоқ.
7. Бұл жағдай бірітіндеп көңілсіз болып бара жатыр. Біз музыкалық үзіліс ала аламыз ба?
Әрине, осы жерге дейін оқысаңыз. Мінекей, Солтүстік Кореяның «Іздер» атты әні, мына видеоны тамашалаңыз. Әннің орындалуы көз тартарлық емес пе? Айтпақшы, осы видеоның субтитрлары да бар, уақытыңыз болса осы әнді Солтүстік Корея хорының жанды дауыспен үлкен халықтың алдында, желтоқсан концертінде айтқанын көру керек.
Күмәнсіз бұл өлеңді пропаганда қатарына жатқызуға болады. Бұл әнді түсіну қатты қиындыққа соқпайды. Ким жанұясының хабарламасы бойынша: «осы жерде күшті энергиямен қадам басу» болып табылады. Басқаша айтқанда, 1950 жылдан бастап, Ким әулетінің саясаты Сталиндік идеологиясына негізделген саясатын жүргізіп келеді және жалғасыра береді.
Шындығын айтсақ, Солтүстік Корея насихатқа келгенде, әлемдік деңгейде инноваторлардың бірі. Әсіресе, бұл мемлекет жаңа слогандар мен үндеулер ойлап табуда айқын көрініс табуда. Мысалы, 2015 жылы мемлекеттің 70-жылдығын атап өтуде 300 үндеу жарияланды. Төменде BBC каналы ұсынған осы үндеулердің қысқаша тізімі:
1. «Бүкіл мемлекетті әскер мен халықтың бірегей жұмысының арқасында социалисттік жұмаққа айналдырайық!»;
2. «Мемлекет пен халықтың мүддесіне қызмет жасайық. Халыққа көмектесейік. Офицерлердің әйелдері жұбайларының тәуелді көмекшілері болсын!»;
3. «Социалистік мемлекетте «Үлкен Серпілістің» әні қайта шырқалсын және хош иісті балықтың иісін сіңірсін!»;
4. «Ғылым мен техника қарқынды дамып, өркениет жасап келе жатқан гүлденген елдің құрылу күресінің алдыңғы қатарында тұр!»;
5. «Алтын таулар» және «қазына тауларды» керемет ғылыми және технологиялық жетістіктермен жасаңыздар!»;
6. «Құрметті балаларымызға сәнді мектеп формасы және сапасы жоғары мектептер болсын!»;
7. «Еліміздің мәртебесін спорттық билікке тезірек көтерейік! Спорттық ойындарды қорғау тәсілімен жапонға қарсы партизандар сияқты ойнаңыздар!»
Сіз көріп тұрғаныңыздай, көптеген Солтүстік Кореялық пропаганда өлең-шумақ түрінде келеді. Бұл мемлекет қолданатын және күні бойы көшеде микрофонмен бүкіл дауысына қосып ойнатылатын тәсіл. Бұл өлеңдер арасында менің ойымша шындыққа жараспайтын «Біз әлемдегі ең бақытты адамдармыз» деген өлең бар.
Бірақ, сіз көріп тұрғандай көптеген слогандарда Ким жанұясының мектеп формасы, халық мұқтаждығы, ғылыми дамуға деген Үндеулерде кездеседі. Осы слогандар Солтүстік Кореяның барлық қырын қамтиды. Бірақ...
8. Қаншалықты халық Солтүстік Корея үкіметінің пропагандасына сенеді?
Солтүстік Кореяда журналистер мен академик ғалымдарға аздаған қолжетімділік берілгенін қарастырсақ, халықтың қаншалықты Солтүстік Кореядағы режимнің пропагандасына сенетінін және оның тек тірі қалу үшін сенетіндігін білу қиын. Бірақ, Солтүстік Кореядан келетін қашқындардың пайымдауы бойынша, шамамен 20-50%-ға дейін халық режимнің айтып отырғанына толықтай сенеді.
Халық қолдаудың тұрақты азаюы 1990 жылдан бергі 23 миллион адам ашыққан және халықтың 10%-ы құрбан болған аштықтың әлі жалғасып келуі. Халықтың басты кәсібі – жер мәдениеті мен егіншілік. Басты қиындық - Солтүстік Кореяның қатал климаты. Ландшафт бұл жерде таулы және қыстары қатал. Оған қоса, КСРО 1991 жылы құлдырағаннан кейін, онымен бірге егіншілерге берілетін көмек те жойылды.
Нәтижесінде, егін алқаптарының өнімі азайды және мемлекет басшылығы халыққатан «күніне тек екі рет тамақ же!» (Иә, леп белгісімен) деген ұран да нәтижесін бермеді. 1995 жылы болған үлкен су тасқыны Солтүстік Кореяның егістік жерінің 15%-ын жойып жіберді. Азық-түліктің қатты азайюы да, үкімет пропагандасын қолдауды да төмендетті.
Оған, мемлекетке жаңа технологиялардың дамуы үлкен септігін тигізе бастады. NK жаңалықтарының баяндамасы бойынша: «Жаңа медиа технологиялардың шапшаң дамуы Солтүстік Кореядан келетін қашқындардың санының көбеюі әсерінен Пхеньян пропагандасының тиімділігіне күмәнданасың. Шетелдік DVD дисктар, USB драйверлар және қашқындардың радио станциялары Пхеньянның монополиясын насихаттаудан бірітіндеп алыстауда». Сонымен, бұқаралық ақпараттың Ким жанұясының толық бақылауының кетіп бара жатқанының айқын көріністері бар. Бүл үлкен жетістік және оны әрдайым бақылап отыру керек.
9. Қаншалықты Солтүстік Кореяны үлкен қауіп деп санауға болады?
Қазіргі таңда Солтүстік Кореяның ядролық сынақтарының арқасында АҚШ-тың батыс жағалауына жететін трансконтиненталды ракетаны жібере алатынын білеміз. АҚШ қарулы күштерінің мәліметі бойынша, Солтүстік Корея сол ракета ішіне шағын ядролық бомбаны сала алады. Бірақ, негізгі сұрақ - ол ракета қаншалықты дәл нысанына тие алады және ол жер атмосферасына қайта кіруге шыдай ала ма? Сол себепті, осындай ракеталық соққылардан қорғау үшін, АҚШ өзінің «Терминалды Жоғары Биіктіктен Аймақты Қорғау» (Terminal High Altitude Area Defense) жүйесін Оңтүстік Кореяда орналастырды.
Ядролық және ракеталық бағдарламалар бүкіл назарды алып жатқан кезде, Солтүстік Кореяның қарапайым қарулар арсеналына айналуы да, оның әлемге ең үлкен артиллериялық үлкен қауіпті төндіріп отырғаны да бағаланбай отыр. Осыған, қосымша келетін қауіптің тағы бір түрі- ол арнайы элиталы операцияға арналған Солтүстік Кореяның жоғары білікті әскерін де ескеру керек.
Оңтүстік Кореяның астанасы Сеулдың атауы «мегақала» деп аударылады және 25,6 миллион адам тұратын ірі мегаполис болып табылады. Қала аумағы мыңға жуық шекараны қамтып, ол Солтүстік Кореяның артиллериялық диапазонында тұр. Шамамен, Солтүстік Корея әскерінің 70%-ға жуығы шекарадан 145 киллометрде орналасқан.
Оңтүстік пен Солтүстік Кореялар арасындағы артиллериялық соғыс ауыр зардапқа әкелуі мүмкін. 2005 жылғы Атлантик журналының болжамы бойынша, Сеул маңында кем дегенде 100 000 мыңға жуық адам соғыстың бірінші күнінде құрбан болады. Бұл мәліметтер Оңтүстік Корея азаматтары үшін жақсы нышан емес және олар қазір осы ең маңызды сұраққа жауап іздеп жатыр. Болашақ не болмақ?
Өкінішке орай бұл сұраққа біздің жауабымыз жоқ....
Суретке сілтеме http://interest-planet.ru/blog/Asia/1510.html