Зиялы ғылыми танымдық порталы

САУД АРАБИЯСЫ ЖӘНЕ ИРАН:  ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ БИЛІККЕ ТАЛАС

САУД АРАБИЯСЫ ЖӘНЕ ИРАН: ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ БИЛІККЕ ТАЛАС

Иран мен Сауд Арабиясы аймақтық көшбасшылық үшін үміткерлер, бірақ соңғы уақытта бұл мемлекеттер арасындағы жағдай ушыға түсті. Әр қайсысының аймақтық одақтастары мен жаулары да бар, сонда күш бөлінісі қандай көрініске ие?
 

Сауд Арабиясы
Халқының басым бөлігін сүнниттер құрайтын Сауд Арабия патшалығы Ислам дінінің негізгі рухани орталығы, сонымен қоса, әлемдегі ең бай және ірі мұнай экспорттаушы мемлекеттерінің бірі саналады. Сауд Арабиясы Таяу Шығыс аймағындағы басымдылық Иранның тарапына көшуінен қорқады және оны болдырмас үшін шииттік бағыттағы мемлекеттің аймақтағы ықпалының өсуіне үнемі кедергі келтіруге тырысады. Сауд Арабиясының Иранға деген достық емес пиғылы Тегеранға суық көзқарастағы АҚШ президенті Дональд Трамп тарапынан қолдау тауып жатқанға ұқсайды. Жас әрі өте даңқты қазіргі патшаның тақ мұрагері, ханзада Мохаммад бин Салман Йемендегі хуситтік бүлікшілерге қарсы соғыс жүргізіп келеді. Сауд Арабиясы Иран осы бүлікшілерге материалды көмек көрсетуде деп пайымдайды. Алайда, Тегеран бұндай айыптауларды мойындамайды. Сауд Арабиясы Сириядағы бүлікшілерді қолдау көрсетіп, Иранның негізгі одақтасы президент Башар Асадты тақтан тайдыруды мақсат етеді. 
Сауд арабиясы Таяу Шығыстағы ең мықты әскери жабдықталған және әлемдегі ең ірі қару жарақ импорттаушы елдердің бірі болып саналады. Оның жауынгерлер саны 227,000 адамға жуық.
 

Иран
Иран 1979 жылы аятолла Хомейни бастаған діни қызметкерлер шахтық режимді құлатқаннан кейін ислам мемлекеті болып қайта құрылды. 80 млн-дық халқы бар Иранның негізгі бөлігін шииттік бағыттағы мұсылмандар құрайды және мемлекет аймақтағы негізгі шииттік держава. Қазіргі лидері Али Хаменеидің мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына үлкен әсер етіп, әрбір мәселенің соңғы шешімін өзі кесе алатын өкілеттілігі бар. Соңғы онжылдықта Таяу Шығыстағы Иранның әсері айтарлықтай өсті, әсіресе бұл басымдылық Саддам Хусейннің Ирактағы билігі құлағаннан айқын көріне бастады. Иран өз кезегінде Сирияның президенті Башар Асадтың оппозициялық топтарға және Ислам мемлекетіне қарсы саясатын қолдайды. Иранның элиталық Ислам революциялық Сақшылар Корпусы (ИРСК) Сирия және Ирактағы сүнниттік жихадшыларға қарсы болған шабуылдарда маңызды рөл атқарған. Иран сондай-ақ Сауд Арабиясы Ливандағы жағдайды тұрақсыздандыруға тырысуда деп есептейді. Иран Ливан үкіметінің мүшесі болып саналатын шииттік «Хезболла» қозғалысының қолдаушысы болып табылады.
Иран АҚШ-ты өзінің ең басты қарсыласы санайды. Кейбір ақпараттарға сүйенсек Иран аймақтағы ең мықты ракеталық қару-жарақтарымен жабдықталған. Иранның ИРСК-ын қосқандағы әскер күші 534,000 адамды құрайды.
 

АҚШ
АҚШ-Иран қарым-қатынасы әлдеқайда шиеленіскен. Бұл жағдайға әсер еткен негізгі оқиғалардың бірі 1953 жылғы ЦРУ-дың көмегімен Иранның премьер министрінің биліктен кетуі болатын. Сонымен қатар, Ирандағы ислам революциясы мен Тегерандағы АҚШ елшілігінде адамдардың тұтқынға алыну оқиғалары елеулі әсер етті. Сауд Арабиясы Барак Обаманың Иранмен жүргізген келіссөздері үшін АҚШ-пен арадағы қарым-қатынастарына салқындық танытса да, әрқашан АҚШ-пен жақын қатынаста болуға тырысады. Президент Трамп Иранға қарсы қатаң ұстанымда болуға уәде беруі және Обама әкімшілігімен қол қойылған Иранның атомдық келісімін жоққа шығаруы. Иранға қарағанда, Сауд Арабиясының корольдік отбасы мен Ақ үй бір-бірімен тығыз достық қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Трамп және оның әкімшілігі патшалықтағы радикалды исламисттерге қарағанда Иранның терроризмге көбірек қатысы бар деп сенеді. АҚШ шекарасынан көптеген Таяу шығыстағы мұсылман мемлекеттерінің азаматтарын шекарадан өткізбеу шешімі қабылданған кезде, Сауд Арабиясы ол тізімде болмаған. Дональд Трамптың бірінші іс-сапары Иранға қарсы мүдделескен Сауд Арабиясы мен Израиль басшыларымен кездесуден басталған болатын. Сауд Арабиясы АҚШ қару-жарағын ең ірі мөлшерде импорттаушы мемлекет болып саналады.

Ресей
Ресей Сауд Арабиясымен де, Иранмен де достық қарым қатынастағы жалғыз мемлекет. Әр мемлекетпен тығыз экономикалық байланысқа ие. Сонымен қатар, Ресей екі елге де қару жарақ сатады. Қазіргі таңдағы Тегеран мен Эр-Рияд арасындағы текетіресте Ресей бейтарап саясат ұстанып екі ортада медиатор болуға дайын екендігін білдіруде. Таяу Шығысқа деген қызығушылық Ресейде ертеден болған, қырғи-қаба соғыз кезінде Кеңес Одағы Сирияны қару жарақпен қамтамасыз етіп, олардың офицерлерін әскери дайындықтан өткізумен айналысқан. КСРО ыдырағаннан кейін Мәскеудің Сирияға деген ықпалы төмендей бастады, бірақ Кремль оны қайта қолға алып, арттыруға тырысуда. Ресейдің көрсеткен авиациялық көмегі нәтижесінде Сириядағы соғыс қорытындысы Башар Асад пен оны қолдайтын Ирандық әскерлери пайдасына шешілді. 

Түркия
Түркия Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы конфликтте балансты ұстауға тырысуда, себебі Таяу Шығыстағы әскери және саяси жағдай жылдам өзгеру үстінде. Анкара бұл аймаққа 2002 жылы әділеттілік және даму партиясы келгеннен кейін бастап көз тіге бастады, бұл үкіметті кейде Исламдық үкімет деп те атайды. Түркия халқы негізінен сүнниттік бағытта болғаны үшін Сирия үкіметіне қарсы позиция ұстанады және Сауд Арабиясымен тығыз қарым қатынаста. Түркия Иранға деген терең сенімсіздікке қарамастан аймақтағы, екі мемлекет те қауіптенетін, Күрд қозғалысының өсіп келе жатқан әсерінен оларға қарсы күш біріктіруге мәжбүр болды.

Израиль
Халқының басым бөлігін еврейлер құрайтын Израиль 1948 жылы өзінің мемлекеттігін жариялады. Бірақ, Араб әлемінде Мысыр және Иорданиямен ғана дипломатиялық қарым-қатынасқа ие. Иран мен Израиль ата жаулар болып саналады. Иран Израильдің дербестігін жоққа шығарып оның жойылуын талап етеді. Израильдің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху халықаралық қоғамдастық алдында Иранның ядролық қару алуына жол бермеуге және сонымен бірге Иранның ядролық бағдарласын, аймақтағы «агрессивті» саясатын, тоқтатуға шақыруда. Нетаньяхудың айтуы бойынша, кейбір Араб мемлекеттері арасында Иран ықпалының артуына қарсы одақтар құрылған. Сауд Арабиясының жоғары деңгейлі ханзадаларының бірі Израиль үкіметімен құпия кездесті деген ақпараттарды жоққа шығарды.
 

Мысыр
Мысыр Таяу Шығыста маңызды рөл атқарады және Сауд Арабиясымен ертеден бері достық қарым-қатынас ұстанып келеді, әсіресе достығы Ислам революциясынан кейін нығая түсті. Сауд Арабиясы да өз кезегінде Мысыр әскерінің исламист президент Мұхаммед Мурсиді тақтан тайдыруында үлкен көмек көрсеткен болатын. Дегенімен, Мысыр Иранмен де байланыс жасаған уақыттар болды. Мысалы, Сауд арабиялық Aramco компаниясы Мысырға мұнай тасымалдауды тоқтатқаннан кейін,Тегеран Мысыр мен Ирак арасындағы мұнай саудасы келісім шартының бас демеушісі рөлін атқарды. Сауд Арабиясы мен Иран арасындағы соңғы уақытта болған шиеленістің салдарынан Египеттің президенті Абдул Фаттах әл-Сиси «бұл аймақтағы шиеленісті ушықтырмауға» шақырды.

Сирия
Сирияның үкімет басындағы Башар Асад бұл текетіресте Иран позициясын ұстанады. Иран Сирия басшылығын қолдайды және Сирия армиясына қарсы көтерілісшілер мен жихадшыларға қарсы күресте әскери және кадрлық қолдау көрсетуде. Асад шииттік алавиттік тармағынан болғанынан, Иран оны өзінің ең жақын одақтасы ретінде көреді. Оған қоса Сирия Иранды Ливанмен байланыстырып тұрған мемлекет, Сирия шекарасынан Ливандағы Хезболла деген шииттік топқа қару жарақ жеткізіледі. Хезболла тобының мыңдаған әскері Сирия үкіметінің жағында соғысады. Эксперттердің айтуынша, олар жай ғана әскерилер емес, қазіргі таңда толықтай әскери дайындықтан өткен топқа жатқызылады, себебі олардың дайындығы және қарулануы өте жоғары деңгейде. Сирия үкіметі Сауд Арабиясын бүлікшіл саясаты үшін сынның астына алады.

Ливан
Ливанның екі мемлекетпен де теңдей дәрежеде араласады. Жақында ғана Сауд Арабиясы шекарасында жүріп өзінің жұмысынан кететіндігін жариялаған Ливан премьер-министрі Саад Харири Сауд Арабиясымен тығыз достық қатынаста, бірақ Иранмен арадағы қарым-қатынасы жақсы емес. Екінші жағынан, Ливандық Хезболла тобы Иранның одақтасы саналады, және оның көмегіне сүйенеді. Хезболланың лидері Хасан Насралла көбіне Сауд Арабия үкіметіне қарсы позицияларды ұстанады.

Парсы шығанағы мемлекеттері
Катар, Бахрейн және Кувейт секілді Парсы шығанағында орналасқан мемлекеттер ертеден Сауд Арабиясымен достық қарым қатынаста. Дегенімен, Катар-Саудия қатынастары Эр-Рияд Катарға Тегеранмен қарым қатынасыңды тоқтат деп талап қойғаннан кейін дағдарысқа ұшарады. Катар одан бас тартқан болатын. Осы жағдайдан бастап қарым-қатынас әлсірей бастады. Шілдеде Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірліктері, Мысыр және Бахрейн Катарға қарсы блокада қойғаннан кейін, Иран оларға азық-түлікке толы 5 ұшақ жіберген болатын. Ирандағы Сауд Арабия елшілеріне қарсы жасалынған шабуылдан кейін Иран мен Катар арасындағы қарым қатынас нашарлаған болатын, бірақта блокада кезінде көрсетілген көмектен кейін арасындағы дипломатиялық байланыс қайта нығая түсті. Бахрейн мен Кувейт Сауд Арабиясын қолдайды. Бахрейндегі әскери және саяси лауазымды адамдардың бәрі сүнниттер болғанымен, халықтың 70% шииттер болып есептелінеді. Бахрейн Иранды талай рет террористтік топтар құрып жатыр деп айыптаған болатын. Оның негізгі себебі сүнниттік үкіметті құлатып, шииттерді әкелу болатын. Онымен қоса Бахрейн Шииттік оппозицияны Ираннан көмек алуда деп айыптайды. Қазанда Бахрейн үкіметі өздерін Ислам Революциясы сақшыларынан ең көп зардап шегіп отырған мемлекет деп айтқан болатын. Кувейт болса блокадаға қатыспағанымен, үкіметтегілер Иранмен одақ болудан бас тартып, Сауд Арабиясы жағына көшкені мәлім. Ақпанда Кувейт Араб-Иран қатынасын жақсартуға идея тастады. Бахрейнге 2013 жылдан кейінгі сайлаудан кейін бірінші рет Иран президенті Хасан Роухани келді. Иран мен Сауд Арабиясы арасында жағдай ушыға бастағаннан кейін, Кувейт өз мемлекетіндегі 15 Ирандық елшілерді таратып жіберіп, әскери, мәдени және сауда қатынастарын үзді.