"Қырықтан жастан асқан менің рақаттанып өмір сүріп жатқаныма күдіктенетіндер аз емес. Алайда, бұл жасымда мен үшін басқа адамдардың пікірі соншалықты маңызды емес еді".
Глиннис MакHиколь
Қырық екінші туған күніме бірер ай қалғанда, достарыммен түскі ас ішіп отырып, танымал қарт жазушымен кездестім. Дәл осы кезеңде мен 40 жастан асқан, баласыз, жалғыз басты әйел туралы мемуар жазуға бел буған едім. Сондықтан өзім сүйіп оқитын жазушыны кездестіруім кездейсоқтық емес деп ойладым. Ол мүмкін ақыл-парасатымен маған қолдау көрсетіп, шабытыма шабыт қосар деп үміттендім.
Сусындар әкелгенше, мен өз өмірім туралы шығарманың жобасын төмендегідей баяндап берген едім:
«Әрине, жалғыздығыма қарамастан бұлай өмір сүрудің кереметіне мені ешкім дайындаған жоқ. Мен 30 жыл бойы мазалаған уақыт қорқынышынан арылып, қалаған істі қалаған уақытымда істеп, үнемі саяхаттаумен болдым. Керісінше, ешкім бұл өмірдің шынында да қиын болатынын айтпаған еді. Мәселен, анамның қатты сырқаттанып қалуы және менің оған күтім жасауым...».
Әңгімемді енді аяқтай бергенде, атақты жазушы стақанын ақ дастарханға қоя салып, басын артқа қарай шалқайтып: «Глиннис МакНиколь, сіздің өміріңіз – қорқынышты!» – деп мәлімдеді.
Бұл – мен естиін деп үміт артқан пікір емес еді.
«Сен бүкіл әлемде жалғызсың, саған көмектесетін де ешкім жоқ», – деп жалғастырды сөзін. Содан соң достарыма бұрылып, олардың сөзін бөліп: «Мына әйелдің өмірі қандай сұмдық екенін білесіздер ме? Ол – жападан-жалғыз!» – деді.
Достарымның тамағынан сусын әзер өтті. «Бірақ менде бәрі жақсы» деп әңгімені
мемуарға қайта бұруға дәмеленіп, әлсіз қарсылық танытып көрдім. Алайда, жазушы бұл әрекетімді көзге ілмей: «Саған көмектескім келеді» – деді. Содан соң даяшыға қол ұшын да тигізбеген стейкін орап беруді бұйырып, оны менің үйге алып кетуімді сұрады. Ол өзінше «мейірімділік таныттым» деп ойлады. Бірақ бұл әрекет баласыз, жалғызілікті әйел өз өмірінен ләззат алады деген маған белгілі фактіні еш өзгертпеді.
Белгілі бір жастағы 21-ғасыр әйелдері үшін бұл, әрине, көңіл қалдыратын жағдай. Егер мен өз дегенімде тұрып, өмірім керемет десем, мен тым көп дауласатын әйел атанамын (айтпақшы, ерлерді ешқашан тым көп назарылық білдіреді демейді). Көбірек білемін деген оймен қанағаттанып, сыпайы түрде сыйын қабыл алып, мені «бейшара хәлде» деген болжамға жол берейін бе? Бұл мәселені тек өршіте түседі.
Мен ер адамдардан да, әйелдерден де бұндай сенімсіздіктің түрін жиі кездестіремін. Үйленген достарым менің жаңа үлкен пәтеріме, онда жалғыз тұратыныма үнемі қызғаныш білдіріп жатады. Тіпті ең жақын достарымның арасында да «әлі кеш емес» деген тіркесімен мені жұбататындар табылады.
Бір күні бір топ досыма Парижде бір ай демалғанымды айтқанда, «әлі де өз өміріңнен ләззат алатының керемет екен» деген жауап естідім. Өз өмірімнің рақатын — жалғыз! багетпен! Парижде! — көретінім құдды бір ерліктей.
Ұзақ уақыт бұл пікірлерді елемедім десем болады. 40 жастың тағы бір күтпеген сыйы – басқалардың мен жайлы ойы маған маңызсыз екенін аңғару еді. Бірақ уақыт өте келе менің менің бұл қасиетім әлсіреп келе жатыр десек те болады.
Жақында досым 50-60 жастағы бір топ әйелге кітабым туралы айтып беріпті. Олар күле бастапты. Соншалықты ненің күлкілі екенін сұрағанда олар: «48 жас шамасында сенің досың балаларға қатысты ойынан қайтады» – деп жауап беріпті. «Ал содан кейін үйінде сперма құйылған банкі пайда болады» депті.
Міне, солай! Олардың пікірінше шешімімнің салдарын түсінбейтіндеймін. Меніңше, бұл таң қалатын нәрсе емес. Әйелдің өз бетінше өзімен-өзі өмір сүру идеясы, өмірден ләззат алуы көпшілікке ыңғайсыздық тудырады екен. Біз басқа әйелдерді сынау арқылы гүлденіп жатқандаймыз, олардың сыртқы келбетін сәндеуге (кез келген «үздік киім» тізімдерін қарап көріңіз) не өз денесіне өзгерістер жасауға құқы бар екендігін еске алмаймыз (Рое Ви Уэйдтың күмәнді келешегі туралы мақалаларға көз тастаңыз). Біз ылғи әйелдер өз өмірін сүйеді деу түгілі, өз басына жауап беріп өзі үшін өмір сүреді деген оймен де келісе алмаймыз.
Осы тақырыпқа қатысты бұндай күлкі менің сабырымды одан әрі қашырады. Алайда басқа адамдардың «уайымдама» деген сөздеріне қарамастан, менің өмірім бір қарағанда еленбейтін, бірақ өте мәнді қарым-қатынастарға толы.
Менің баласыз болуды таңдауым, балалармен араласпаймын деген сөз емес. Көптеген балаларға мен – “Глиннис тәтемін”. Оны мектеп суреттері бар магниттер мен сурет сабағында салынған менің портреттерім дәлелдей алады. Мен жасы ең үлкен досым мен оның балаларынан бір қабат жоғары тұрамын. Оларды мектепке дайындаймын, ұйқыларынан оятамын. Өмірлеріне өз үлесімді қосып жүрген 3 жиенім бар. Олардың туған күндеріне, спорттық шараларына барамын, FaceTime-нан ертегілер оқып беремін.
Көптеген зерттеулер тығыз қарым-қатынас жасау адамды бақытты етеді десе, өмірім сол қарым-қатынастарға толы болғанына ризамын. Қиын-қыстау күндері достарым қоңырау шалатын бірінші демесем де, екінші адаммын (кейде өзімді тап бір 911 қызметшісі сезінемін). Біреудің сырласымын, біреудің ақылшысы, біреудің жексенбілік кешкі қонағымын, тойға шақырулар үйіліп жатады. Мектеп, жазғы лагерь, ауруханалар форумдаларының жедел байланысындамын. Үнемі мектепте өтетін «Бөлісу күніне» шақырылатын қонақтар тізіміндемін. Бұл формалар маңызсыз көрінуі мүмкін, алайда өмірде қарым-қатынастың бар екенін дәлелдейтін басқа да қағаздар сияқты, олар да махаббат пен алғыстың белгісі. Бұрын мен «барлығына да үлгеретін әйел болып бара жатырмын» деп ойнап айтатынмын. Мен өзім танитын басқа әйелдер сияқты кейде көп, кейде аз нәрселер жасауға үлгеріп жатамын. Дегенмен, жалғыз басты, тұрмыстағы немесе тағы басқа әйелдердің міндетті түрде «күйеу» және «бала» сөздерінсіз-ақ құрметке ие болатын күнді асыға күтіп жүрмін.
Бәрі де өзгеруі мүмкін. Бір күні жиенім «Глиннис тәте, сіз сияқты жалғыз және баласыз болғым келеді!» – деп айтты. Ол 7 жаста болатын. Бұл балаға өзім қалаған өмірді сүріп жатқанымды дәлелдеуім керек емес еді. Сол арада мен де барымды бағалауды үйрендім.
Тағдырымды өзгерткен кешкі астан соң келесі күні тоңазытқыштан табаны шығарып, жұмыртқаны табаға қуырып жеп, тағы бір «сұмдық» таңғы асымнан рахат алдым. Өзімнің стейкімді жегенімді айтқан жөн болар деп есептеймін.
Ал сіз қырықтан асқан баласы жоқ әйелдің бақытты бола алатынына сенесіз бе?