Орталық Азия және Кавказ мемлекеттері Қытай ұсынып отырған жаңа инвестиция бастамасынан қалай пайда көрмек?
Жібек жолы Қытай мен Еуропа елдерін жалғап тұрған уақытта, Еуразия құрылығын кесіп өткен саудагерлер Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ бойындағы қалалар мен керуен сарайларының гүлденуіне өз үлестерін қосқан болатын. Сауда жолдарының мұхит-теңіз тасымалына көшуі себенінен құрлық жолдарының қолданысы азайды, осылайша Еуразия құрлығындағы көптеген сауда орталықтары өз маңыздылығын жоғалтты.
2013 жылы Қытай президенті Си Цзиньпин ұсынысымен басталған жоба бұл үрдісті өзгертуі әбден мүмкін. «Бір белдеу, бір жол» аталған жобаның мақсаты – Қытай мен басқа елдер арасындағы сауда-саттық және транспорттық байланыс жолдарын дамыту. Қатысушы елдерге инвестиция құю негізгі құрал болмақ. Жоба посткеңестік елдердің экономикалық өркендеуіне ықпал етуі мүмкін. Жоба аясындағы тауарлар ағынының басым бөлігі Қытайдан болмақ, ал ортадағы қатысушы мемлекеттер не ұта алады?
Бұл бастаманың ауқымы орасан зор. 900 миллиард доллар – бұл Қытай Үкіметі мақұлдап, қол қойып бекіткен несие мөлшері: кейбіреуі концессиялық*, ал кейбірі коммерциялық мерзіммен. Қатысушы мемлекеттердің саны – 71, ал ауқымы жағынан бір жағы Пәкістан болса енді бір шеті Польшамен ұштасады. Бұл бастаманың көптеген тармақтары әлдеқашан жүзеге асырылуда. Қазақстан өзінің шығыс шекарасында көлемді құрлық портын ашқан болатын. Сонымен қоса, Қазақстан Каспий жағасындағы өзінің теңіз порттарын үлкейтіп, батыс-шығыс аумақтарын байланыстырушы темір жол және автокөлік жолдарын жаңартуда. Каспийдің арғы бетіндегі, Әзірбайжан және Грузия мемлекеттері де бұл ағынды қолданып қалуға тырысуда, негізгі құрал – былтыр ғана ашылған Баку-Тбилиси-Карс теміржолы болмақ. Ал Грузия болса Қытайдан Қара теңіз аймағына үлкен теңіз портын салу үшін 50 миллион доллар көлеміндегі инвестиция алуға келісіп қойды. Басқа мемлекеттер де бұл жобадан өз сыбағаларын алып қалу үшін мықтап тырысуда. Алдыңғы қараша айында Грузия мемлекеті екі жыл сайын ұйымдастырылатын екінші «Тбилиси Бір белдеу, Бір жол» форумын өткізді. Еуропадан, Таяу Шығыстан және Орталық Азиядан келген делегация мүшелері Жібек Жолының тарихи жолдарының таралуын көрсету арқылы өз мемлекеттерінің ХХІ ғасырдағы Жібек Жолына, онымен бірге Қытай инвестициясына қаншалықты ынтық екендіктерін көрсетті.
Бұл әрекеттердің астында қозғаушы күш болып қатысушы елдер болжап отырған ұтымды позициясы жатыр. Қатысушылардың басым көпшілігінде заман талаптарына сай емес және нашар деңгейдегі инфраструктура. Жоба аясында салынатын автомагистраль, теміржол және порт жүйелерінің мемлекеттің имиджіне және индустриялық секторына тигізетін экономикалық пайдасы анық. Бұндай даму тренді көрші мемлекеттер арасындағы сауда айналымын жеңілдетпек және Өзбекстан мен Қазақстан әлдеқашан бұл артықшылықтың жемісін көріп отыр. Қатысушы елдердің үкіметіне жарқыраған инфраструктураны қарызды қайтару үшін кірістің ұлғаюын күтпей-ақ және Еуропалық инвесторлар немесе көпжақты ұйымдар қоятын талаптарды орындамай-ақ құрастыру таптырмас альтернатива көрінеді.
Бірақ алаңдайтын тұстар да бар. Бұл жобаларда Қытай өз жұмысшыларын қатыстырмақ, нәтижесінде жергілікті еңбек күші шектелмек. Қытай тауарларды басқа арзанырақ жолдармен тасымалдамауы үшін транзитті мемлекеттер сауда тарифтерінің бағасын барынша төмендетуі тиіс болады. Бұл өз кезегінде кірісті ұлғайтуға кедергі жасайды. Сонымен қоса, қатысушы мемлекеттердің тағы бір мақсаттары – Қытайдың өндіріс тізбегінің тармағына өз мемлекеттерінің жаңа дамып келе жатқан өндірістік секторын интеграцияландыру. Мысалы, Қытайда жасалатын машиналардың бір бөлігі Қазақстанда жинастырыла алады. Бірақ, посткеңестік елдердің өндірістік-өңдеушілік секторы бәсекеге қабілетсіз және еңбек күшінің кәсіби біліктілігі жеткіліксіз. Қазірдің өзінде көптеген қатысушы мемлекеттерде үлкен қарыздарының болуы ⎯ ең үлкен алаңдатушы қауіп. Егер де инвестициядан түсетін пайда қанағаттандыратын деңгейде болмаса, қатысушы елдер Қытайға несиесін және техникалық қызмет көрсету төлемдерін қиындықпен өтейтін болмақ, бұдан екі жақты қарым-қатынас нашарлап кету ықтималдығы жоғары.
Сондықтан, Ескі Жібек Жолы өркениеттерді гүлдендіріп, жаңалықтар тарауына септігін тигізсе, Жаңа Жібек жолы ол мақсаттарға жете алмай қалуы мүмкін.