Бір қарағанда, Америка Құрама Штаттарындағы еңбек нарығы қалыпты жағдайында, ал жұмыссыздық деңгейі соңғы 17 жыл ішінде төмен көрсеткішті көрсетуде.
Ұлы Құлдырау уақытынан бері 86 ай бойы жұмыссыздық деңгейі күннен-күнге төмендеуде. Жалдау жұмыстары қыркүйектің ортасында Харви мен Ирма дауылдары Флорида мен Техас арқылы өтіп, елдің экономикалық тұрғыдан маңызды бөліктерін бұзғаннан кейін тоқтатылды.
Алайда, соңғы көрсеткіштер бойынша, экономиканың құлдырауы біршама баяулады. Еңбек Статистика бюросының соңғы есебінде қараша айында 228 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Дегенмен, еңбек нарығында әлі де өзекті, шешілмеген мәселелер жетерлік.
1. Жалақының қарқынды өспеуі;
Жалақының өсу деңгейі қалыпты, бір жыл ішінде жалақы тек 64 цент немесе 2,5%-ға өсті. Бұл көрсеткіш – 1970-ші жылдарға дейін қалыптасқан баяу өсу үрдісін жалғастыруда. Колледж дәрежесі бар жұмысшылардың жоғары жалақы алуға толықтай мүмкіндіктері бар, бірақ американдықтардың тек үштен бірі бакалавр дәрежесін оқып тәмамдаған.
2. АҚШ тұрғындарының көбісінде толық уақытты және тұрақты жұмыс жоқ;
Бұл, көбінесе, төмен жалақылы жұмыстар санының артуына байланысты. Мұндай жұмыстар қатарына денсаулық сақтау, жылдам өсіп келе жатқан секторлар және азық-түлік пен сусын секілді қызмет көрсету салалары жатады. 4,8 миллион американдықтар толық жұмыс күні мен тұрақты жұмыс қалайтынын, алайда, қазір сырттай жұмыс істеуге мәжбүр екендіктерін жеткізді.
3. Жұмыссыздық деңгейі Америкадағы қара нәсіл өкілдері мен жас буындардың арасында жоғары көрсеткішке ие.
Жұмыссыздық деңгейі әлі күнге нәсілдік факторлар мен жасқа байланысты ерекшеленеді. Қара нәсіл адамдарының жұмыссыздық деңгейі 7.3 % және бұл басқа нәсіл адамдарының деңгейінен қарағанда екі есе көп. Ал жастардың жұмыссыздық деңгейі 15.9%-дық көрсеткіште.
4. Американдықтардың қара жұмыстағы үлесі – жоғары.
АҚШ тұрғындарының 62.7%-ы қара жұмыс атқаруда немесе жұмыс іздеуде. Бұл көрсеткіш 2000 жылы 67%-ды құраған, бұл сан – үш онжылдықтың ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш, дегенмен бұл көсеткіш төмендеуде. Сонымен қатар, қартаю деңгейі де бұл көрсеткіштің төмен түсуіне белгілі бір дәрежеде үлесін қосуда.
5. Ауқымы үлкен шаралардың «Экономикалық қиыншылықтарды» көрсетуі.
Еңбек нарығын бағалайтын көптеген өлшеу шаралары Еңбек статистикасы бюросының ай сайынғы көрсеткішіне қарағанда күңгірт иллюстрация көрсетеді. Алайда Экономикалық инновациялық топтың зерттеуі бойынша, 52.3 миллион американдықтар «Экономикалық қиыншылықтағы қауымда» өмір сүріп жатыр. Бұл дегеніміз, кедейліктің деңгейін, тұрғын үй және бос жұмыс орындарын, сондай-ақ табыс пен жұмысқа орналасу деңгейін көрсетеді. Бұл алты американдықтың біреуін немесе АҚШ халқының 17% -ын құрайды.
Сурет shutterstock сайтынан