2026 жылдың 17 сәуірінде Назарбаев университетінің Қазақ тілі және түркітану Департаменті және Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қоғамдық бірлестігі «ЖАС ҒАЛЫМ - VІІІ» атты студенттік ғылыми конференция өткізеді. Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановың 150-жылдық мерейтойына арналған конференция «Ғылым-білім кеңістігіндегі жастар көшбасшылығы» тақырыбында өтеді.
Мақсаты:
Қатысушылар:
Қазақстанның ЖОО студенттері, магистранттары, докторанттары қатыса алады. Барлық мамандықтар бойынша қатысуға болады.
Басты бағыттары:
Форматы:
Гибридті: офлайн-онлайн, ZOOM платформасы
Жұмыс тілі: қазақ
Қатысу тәртібі мен іріктеу:
30 наурызға дейін – конференцияға қатысу өтінімі мен аңдатпа мына электронды пошта арқылы қабылданады: zhasgalym@nu.edu.kz
Конференция жайлы ақпаратты «Зиялы» порталының арнайы парақшасынан көруге болады: https://ziyaly.kz
4 сәуірге дейін - іріктеу кезеңі. Ғылыми аңдатпаны іріктеу комиссиясы қарастырады және нәтижесі қатысушыға хабарланады.
Қатысу өтінімі және аңдатпаға қойылатын талаптар:
Қатысу өтінімі ақпараты – студенттің аты-жөні, университеті, факультеті, курсы, ғылыми жетекшісі, баяндама тақырыбы, эл.поштасы, телефоны нөмері туралы мәліметтер беріледі.
Аңдатпаға қойылатын техникалық талаптар: Көлемі – 250-300 сөз (электронды нұсқада); Мәтін Microsoft Word форматы; шрифт Times New Roman, кегль – 12, аралық интервал – 1, барлық жағынан 2 см; мәтін соңында 4-5 кілт сөздер беріледі.
Қатысым өтінімі мен аңдатпа белгіленген мерзімнен кеш жіберген және талапқа сай келмейтін жағдайда қабылданбайды. Авторлар ұсынылған материалдардың мазмұны мен сауаттылығына жауап береді. Ұйымдастыру комитеті материалдарды сұрыптау мәселесін өзі шешуге құқылы.
Конференция бағдарламасы:
Конференцияны өткізу тәртібі
Қаржыландыру
Конференция жұмысына қатысу – тегін. Қатысушы шығындары жөнелтуші тараптан өтеледі.
Ұйымдастыру комитеті
Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев университеті, Қазақ тілі және түркітану Департаменті, 8 блок, 120 кабинет. Байланыс телефондар: 87026002479, 87018009926, эл.пошта: zhasgalym@nu.edu.kz.