Зиялы ғылыми танымдық порталы

«ЖАС ҒАЛЫМ - VІІ» атты республикалық студенттердің  дәстүрлі ғылыми  конференциясының бағдарламасы

«ЖАС ҒАЛЫМ - VІІ» атты республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясының бағдарламасы

2025 жылдың 11 сәуірінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және Назарбаев университетінің 15 жылдығына арналған «ЖАС ҒАЛЫМ – VII» республикалық студенттік ғылыми конференциясы өтеді. «ХХІ ғасыр білім-ғылым кеңістігіндегі Абай феномені» тақырыбындағы бұл жиын жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін арттырып, ұлы ойшыл Абайдың рухани мұрасын заманауи көзқараспен қайта пайымдауға бағытталған.

Конференцияның мақсаты – Абай шығармашылығы мен философиясын ХХІ ғасыр ғылымы мен білім беру үдерісінде жаңаша зерделеу, жастардың зерттеу дағдыларын жетілдіру, ғылыми идеялармен алмасу үшін ашық алаң қалыптастыру. Іс-шара аясында пленарлық отырыс, секциялық мәжілістер, ғылыми баяндамалар және пікірталастар ұйымдастырылады.