Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркітану департаменті және Қазақ тілі оқытушыларының Халықаралық бірлестігінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 15 сәуірінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «ЖАС ҒАЛЫМ-IV» атты республикалық студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясы өтеді.
Мақсаты
- Студенттердің қазақ тілінде академиялық ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
- Жастар арасында қазақ тілінің мәртебесін арттыру;
- Қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу арқылы жастардың бойында тұлғалық белсенділігін дамыту;
- Еліміздің ЖОО студенттері арасында интеграциялық қарым-қатынасты дамыту.
Қатысушылары
Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатыса алады.
Барлық мамандықтар бойынша қатысуға болады.
Басты бағыттары
Форматы
Формат: онлайн, ZOOM платформасы.
Қатысу өтінімі
Студенттің аты-жөні, университеті, факультеті, курсы, ғылыми жетекшісі, зерттеу тақырыбы, эл.поштасы, телефон номері беріледі.
Ғылыми баяндама
Зерттеу өзектілігі, әдіснамасы, жаңалығы, басты тұжырымдары, пайдаланған деректері қамтылуы қажет. Көлемі — 1200–1500 сөз.
Ғылыми баяндама презентация негізінде ауызша қорғалады. Презентация түрлі-түсті дизайнмен дайындалады және таблица, кесте, диаграмма, құжат, материал, фото суреттер, т.б. қолдануға болады.
Презентацияны қорғау уақыты — 10 минут.
Қатысу тәртібі
Конференцияға қатысу өтінімі мен ғылыми баяндама мәтінін мына электронды поштаға жіберу керек: zhabdigapar@nu.edu.kz
Ғылыми баяндаманы іріктеу комиссиясы қарастырады және іріктеу нәтижесі қатысушыларға жіберіледі.
Конференция өтеді.
Конференцияны өткізу тәртібі
- Мерзімі мен уақыты: 15 сәуір 2022 жыл, 10.00–18.00.
- Қатысушы презентациясын қазылар алқасы, қатысушылар мен көрермендер алдында онлайн ауызша қорғайды. Әр презентацияның қорғалу уақыты конференция бағдарламасында көрсетіледі.
- Конференцияның басты 4 бағыты бойынша қазылар алқасының шешімімен үздік баяндамалар іріктеледі және марапатталады.
- Конференция материалдары электронды жинақ түрінде шығады. Үздік баяндамалар «Зиялы» ақпараттық порталында жарияланады.
- Конференция қатысушыларына — сертификат, ғылыми жетекшілерге — алғыс хат, үздік баяндамашыларға — арнайы сыйлықтар беріледі.
Мекенжайы және байланыс телефондары
Мекенжайы
Нұр-Сұлтан қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53, Назарбаев университеті, «Қазақ тілі және түркітану» департаменті, 8 блок, 120 кабинет.
Жауаптылар
Құсайынова Мейрамгүл,
Әбдіғаппарова Жанар,
Жүнісхан Айдын
